2017 жылдың 30 сәуірі мен 4 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының жас дарындары Мәскеу қаласы Әлеуметтік Басқару Академиясының базасында Х Халықаралық «Математика және жобалау» конкурсына қатысты.
Конкурстың мақсаты математикаға қызығушылықты арттыру, исследовательской и проектной деятельности у школьников, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Конкурсқа түрлі мемлекеттердің дарынды өнертапқыштары келесі бағыттар бойынша жұмыстарын қорғады:«Математические модели реальных процессов в природе и обществе», «Геометрические миниатюры», «Математика и искусство», «История математики», «Наука математика» және«Электронный тематический журнал».
Халықаралық конкурстың нәтижесі бойынша барлық ШҚО барлық қатысушылары жүлделі орындарға ие болды.
І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
-облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Ильин Данил;
- облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Ларин Антон;
- облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Рахимбердинова Сания;
- облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Саурбек Ләззат.
ІІІ дәрежелі дипломменТарбағатай ауданы К. Ақынов ат. ортам мектептің 11 сынып оқушысыЕсіркегенова Дана марапатталды.
Мәскеу қаласы оқушыларды жарқын әсерлер мен түрлі эмоцияға бөледі.
Конгкурстың қызықты мәдени-танымдық бағдарламасының арқасында қатысушылар императрица Екатерина ІІ маңындағы резиденция ретінде салынған XVIII ғасырдың сарай кешені орналасқан «Царицыно» мұражай-қорығына барды.
Сондай-ақ, қатысушылар математиканы тәжіребиелік тұрғыда, өнерде, ғылымда қолдану тапсырмаларын қамтитын «Математическая Вселенная» зияткерлік квестіне үлкен қызығушылықпен қатысып, бірінші орынға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ата-аналары мен ұстаздарын құттықтаймыз!