+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ІІІ Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытындысы
02 Мамыр, 07:07

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасымен бірлесіп 2017 жылдың 27-30 сәуірі аралығында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатта Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиада өткізді. Олимпиада КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К. Крупская медалінің иегері Қанипа Бітібаева Омарғалиқызы Бітібаеваны еске алуға арналған.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдету және жетілдіру мақсатымен олимпиадаға еліміздің білім ұйымдарынан аймақтық кезеңнен өткен 9-11 сыныпта оқитын 204 оқушы қатысты.

Республикалық олимпиаданың салтанатты ашылуы 2017 жылдың 28 сәуірінде Металлургтер мәдениет сарайында өтті. Олимпиаданың ашылу салтанаты кезінде қатысушыларға алғы сөзімен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы – С. Жумадилова, ҚР ҰАҒ корреспондент мүшесі, ф.ғ.д., Абай атындағы Алматы педагогикалық университетінің профессоры –  Ф. Оразбаева, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының зертхана меңгерушісі – З. Аманова сөз сөйледі.

Олимпиада екі кезеңде өтуді көздеді: 1 кезең – эссе жазу, 2 кезең – ауызша. Қатысушылар екі күн қатарынан жарысты.

Қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының оқу орындарының белгілі ғалымдары мен оқытушылары, атап айтқанда: Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.М. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Семей қалалық Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінен болды.

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары мен естелік сыйлықтар берілді. Олимпиаданың салтанатты жабылуында қатысушыларға дипломдар мен номинациялардан өзге, Қ. Бітібаеваның түлектері мен отбасы тарапынан естелік сыйлықтар тапсырылды.

Олимпиаданың қатысушыларына Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен әртүрлі мәдени-танымдық бағдарлама дайындалды. Оқушылар кәсіби гидтің көмегімен Өскемен қаласының тарихи орындарына саяхат жасады, этнографиялық мұражайға барды. «Ақылды» мұражай қатысушылардың аса қызығушылығын оятып,  балалар тек экспонаттарды көріп қана қоймай, сонымен қатар, ербес ғылыми тәжірибелер жасауға мүмкіндік алды.

Ұмтылмас әсерді «Керей мен Жәнібек» қойлымы қалтырды. Облыстық драма театр актерлерінің шебер рөлге енулері, көрермендерді қазақ хандығы құрылған заманға шомдырды.

Олимпиада аясында команда жетекшілеріне «Қ. Бітібаеваның педагогикалық мұрасы қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың қайнар көзі» тақырыбына шеберлік класы ұйымдастырылды.

Зияткерлік элитаның дамуына және рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбелеуге үлес қосқаны үшін «Дарын» ШҚ ӨҒПО директоры Ж. Айтпаева            ҚР БжҒМ алғыс хатымен, Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының педагогикалық ұжымы және «Дарын» ШҚ ӨҒПО қызметкерлері олимпиаданы ұйымдастырудағы белсенділіктері үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Біздің оқушыларымыздің бүгінгі жетістіктері, еліміздің болашақтағы табысты дамуның кепілі. Олар өздерінің дербес даму жолдарын таңдай отыра, алға нық басып келе жатқан Қазақстанды қалауды жалғастырушылар. Жас қатысушыларға олардың білімдері мен энергиясы қуатты және гүлденген мемлекетті құруға үлес қосуларын тілейміз.