I. Жалпы ережелер
1. «Зияткер» мектепалды балаларға арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасының Ережесі (әрі қарай – Олимпиада) олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырылуы мен әдістемелік қамтамасыз етуін, нәтижелерді бағалау және жеңімпаздарды анықтау, Олипиадаға қатысу тәртібін белгілейді.
2. Ереже Олимпиаданың мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді анықтайды.
3. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы (әрі қарай – «Дарын» ШҚ ӨҒПО) болып табылады.
II. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері
4. Олимпиаданың негізгі мақсаты балалардың инженерлік-техникалық әлеуетін ынталандыру және политехникалық ауқымын кеңейту.
5. Олимпиаданың негізгі міндеттері:
· инженерлік-техникалық шығармашылықты дамыту;
· балалардың техникалық әлеуетін, жобалау және ойлап табу қабілеттерін анықтау және дамыту, оларға қолдау көрсету;
· педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру;
· қоғамның инженерлік-техникалық әлеуетін дамытудағы мәселелерге қоғам назарын аудару.
III. Олимпиаданың қатысушылары
6. Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының «Зияткер» желілік кешен мектептерінің мектепалды сыныптарының тәрбиеленушілері қатысады.
7. Олимпадаға әр қаладағы/аудандағы «Зияткер» желілік кешен мектептерінен құрамындағы сегіз адамы бар 1 команда (әр пәнге бір оқушыдан) және 1 жетекші қатысады.
8. Команданың атауы, ұраны, төсбелгісі болуы қажет. Әр қатысушыда бейдж болуы тиіс.
9. Олимпиадаға белгіленген мерзімге дейін өтінім берген балалар қатысады. Олимпиаданың өту күнінде оқушыларды және пәндерді ауыстыруға тыйым салынады (пәнді немесе оқушыны ауыстырған жағдайда, нәтижелер есептелмейді).
IV. Олимпиаданың өту мерзімдері
10. Олимпиада 2017 жылдың 19 мамырында Өскемен қаласындағы ШҚО білім басқармасының «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ базасында өткізіледі.
V. Олимпиаданың өту тәртібі
11. Олимпиада келесі бағыттар бойынша өтеді: «Тілашар», «Қазақ/Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Қызықты математика», «Мен әлемді танимын», «Лего шығармашылық», «Шығармашылық еңбек», «Валеология». «Қазақ/Орыс тілі» пәніне қатысатын оқушылар үшін ана тілі қазақ/орыс тілдері болмауы қажет.
12. Олимпиаданың тапсырмалары екі бөлімнен тұрады: жалпы эрудиция және тәжірибелік қабілеттер.
13. Олимпиаданың тапсырмаларын орындау үшін қатысушыда өзімен бірге қаламсауыт (2 жай қарындаш, түрлі-түсті қарындаштар, өшіргіш, сызғыш, ұштағыш), қарындаш-желім, қара фломастер, қайшы болуы тиіс. «Шығармашылық еңбек» пәніне өзімен бірге қосымша бояулар, қылқаламдар, палитра, түсті картон, «Легошығармашылыққа» LEGO DUPLO конструкторы (мектептен 1 жинақ) болуы тиіс.
14. Олимпиаданың өту түрі – іштей.
15. Олимпиаданың ұзақтығы 50 минут.
16. Түстен кейін командалар «Драматизация»байқауына қатысуларына болады. Олимпиадаға дейін командалар (өздерінің мектептерінде) ертегі дайындайды. Көрсетілім уақыты – 7 минут.
17. Олимпиадаға қатысуға өтінімдер білім бөлімдері басшыларының, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен үлгіге сай 2017 жылдың 10 мамырына дейін vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберіледі. Қосымша ақпараттарды 8/7232/700-244, 74-22-66 телефондары бойынша алуға болады.
VI. Олимпиадаға басшылық ету
18. Олимпиаданың дайындығына және өткізуіне Ұйымдастыру комитеті басшылық жасайды.
19. Ұйымдастыру комитеті:
• әділқазылар алқасының құрамын, өткізу бағдарламасын, олимпиаданың тапсырмаларын, олимпиаданың өткізу ережелерін, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды және бекітеді;
• Олимпиаданың өтуі туралы ақпараттық хат дайындайды;
• Олимпиада Ережесінің талаптарына сәйкес қатысушылардың тіркелуін жүргізеді;
• қатысушылардың құжаттарын Олимпиада Ережесінің талаптарына сәйкестігін тексереді;
• Ұйымдастыру комитетінің шешімі хаттамамен толтырылады және ұйымдастыру комитетінің төрағасымен бекітіледі.
20. Әділқазы алқасы Олимпиаданың Ережесіне сай қатысушылардың жұмыстарына бағалау жүргізеді, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің кандидатурасын анықтайды, жалпы командалық орындарды бөледі.
VII. Қорытындылау
21. Әр пәннен Олимпиада жеңімпазы ең көп ұпай саны бойынша анықталады.
22. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Қатысушылар сертификаттар алады.
23. Ұпайлардың саны бойынша жалпы командалық орын беріледі. Жеңімпаз командалар жалпы есепте (I, II, III орын) Құрмет грамоталарымен марапатталады.
24. «Драматизация»байқауына қатысқан командалар жеке грамоталармен марапатталады.
25. Олимпиада жеңімпаздарын дайындаған педагогтар алғыс хаттармен марапатталады.
1 қосымша
Олимпиадаға қатысу туралы өтінім үлгісі
__________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
2017 жыл облыстық инженер-техникалық «Тілашар» олимпиадасына қатысу өтінімі
Команда ________________________________________________________
(команданың аты)
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Аудан (қала) |
Мектеп |
Сынып |
Пән |
Оқу тілі |
Тәрбиешінің аты-жөні |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 қосымша
«Драматизация» байқауына қатысу туралы өтінім үлгісі
__________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Команда ________________________________________________________
(команданың аты)
Ертегінің аталуы__________________________________________________
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Аудан (қала) |
Мектеп |
Сынып |
Рөлі |
|
|
|
|
|
|
|