+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Болашақ энергиясы» тақырыбында «Балалар бастауы-2017» әлеуметтік жобалар байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
25 Сәу, 11:51

2017 жылдың 22 сәуірінде5-10-сынып оқушыларына арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбында «Балалар бастауы-2017» әлеуметтік зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының байқауы болып өтті.

Конкурс мақсаты - балалар бойында белсенді азаматтық позицияны тәрбиелеу; өз қаласының, ауылының өміріне қатысу құқығымен қамтамасыз ету; өмірлік дұрыс таңдау дағдыларына баулу; балалар бастамасын жүзеге асыратын алаң құру.

Оқушылардың жобаларды қорғауы 7 секция бойынша өткізілді:

1) «Өткенге естелік – болашаққа жол» (өзінің кіші Отанының тарихын зерттеу және сақтау туралы жобалар);

2) «Мерт болғандардың есіміне естелік үшін, тірілердің ар-ожданы үшін» (мерт болған жерлестерді мәңгі есте қалдыру туралы жобалар);

3) «Табиғатты сақтай отырып, Отанымызды сақтаймыз» (экология және кіші Отанды сақтауға байланысты мәселелерді шешу туралы жобалар);

4) «Мәңгілікке есімізде» (түрлі тақырыптағы кітаптар, брошюралар, жинақтар және журналдар жасау туралы жобалар);

5) «Алға қадам» (жастарға өз қызығушылықтарын жүзеге асыруға көмекке, ерекше қорғауды қажет ететін адамдарға көмек көрсетуге бағытталған жобалар);

6) «Өз Отанымызды қалаймыз – Қазақстанды қалаймыз» (туған өлкенің мектеп жанындағы аумақтарды және көшелерді, сынып бөлмелерін, сауықтыру орталықтарын абаттандыру туралы жобалар);

7) «Жастар және азаматтық бастамалар» (балалардың өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыру, адамдар арасында және қоғамда толеранттылықты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік тілге қормқорлық, жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру туралы жобалар және т.б.).

Облыстық  кезеңге 60 оқушы (48 жоба) қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша 20 қатысушы (17 жоба) жүлдегер атанды.

I дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Каирбекова Томирис– Көкпекті ауданы, Миролюбовка орта мектебінің 10-сынып оқушысы («Өткенге естелік – болашаққа жол»);

- Тищенко Александра – Көкпекті ауданы, Миролюбовка орта мектебінің 10-сынып оқушысы («Өткенге естелік – болашаққа жол»);

- Алипов Анвар – Өскемен қаласы, №11 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушысы («Табиғатты сақтай отырып, Отанымызды сақтаймыз»);

- Амангелдиева Аружан – Күршім ауданы, №3 гимназияның 8-сынып оқушысы («Жастар және азаматтық бастамалар»).

II дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Жеңісбекова Жансая – Зайсан ауданы, Жамбыл атындағы негізгі орта мектептің 9-сынып оқушысы  («Мәңгілікке есімізде»);

- Қабдығали Нұрсұлтан – Зайсан ауданы, Шілікті орта мектебінің 10-сынып оқушысы («Өткенге естелік – болашаққа жол»);

- Егорин Владимир – Зырян ауданы, Зырян қаласының мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы («Алға қадам»);

- Рогозина Елизавета – Зырян ауданы, Зырян қаласының мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы («Алға қадам»);

- Голодов Артур – Өскемен қаласы, №34 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы («Мәңгілікке есімізде»);

- Ажибаева Дана – Жарма ауданы, Маяковский атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы («Табиғатты сақтай отырып, Отанымызды сақтаймыз»);

- Слабкова Александра – Өскемен қаласы, №38 гимназияның 9-сынып оқушысы («Өз Отанымызды қалаймыз – Қазақстанды қалаймыз»).

III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Алматқызы Айым – Зырян ауданы, Зырян қаласының №9 орта мектебінің 7-сынып оқушысы («Мәңгілікке есімізде»);

- Клименко Анастасия – Өскемен қаласы, №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы («Мерт болғандардың есіміне естелік үшін, тірілердің ар-ожданы үшін»);

- Болатова Айгерім – Зайсан ауданы, Қаратал орта мектебінің 9-сынып оқушысы («Алға қадам»);

- Тютенькова Виктория – Өскемен қаласы, №15 орта мектептің 5-сынып оқушысы («Мерт болғандардың есіміне естелік үшін, тірілердің ар-ожданы үшін»);

- Алтай Саян – Зайсан ауданы, Тасбастау шағын комплектілі негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы («Табиғатты сақтай отырып, Отанымызды сақтаймыз»);

- Саят Айнагул – Өскемен қаласы, Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы («Мерт болғандардың есіміне естелік үшін, тірілердің ар-ожданы үшін»);

- Жырғаубайқызы Әмина – Өскемен қаласы, Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы («Мерт болғандардың есіміне естелік үшін, тірілердің ар-ожданы үшін»);

- Кеңесханов Нариман – Семей қаласы, №34 орта мектептің 9-сынып оқушысы («Мерт болғандардың есіміне естелік үшін, тірілердің ар-ожданы үшін»);

- Ахметзаки Фатима – Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы («Мерт болғандардың есіміне естелік үшін, тірілердің ар-ожданы үшін»).

Жүлдегерлерді және олардың ұстаздары мен ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз! Алда жеңістер мен сәттіліктер тілейміз!