+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Адам-Жер-Ғарыш» атты балалар мен жастардың оқу және ғылыми жобаларының XVIII Жалпыресейлік олимпиадасының қорытындысы
21 Сәу, 13:02

Королев қаласы тәжірибелік ғарышкерліктің негізін қалаған, көрнекті ғалым, академик – Королев Сергей Павловичтың есімін мақтанышпен алып келеді. Бұл қалада жыл сайын «Адам-Жер-Ғарыш» атты балалар мен жастардың оқу және ғылыми жобаларының Жалпыресейлік олимпиадасы өткізіледі.

Осы жылы олимпиада 2017 жылдың 17-22 сәуірі аралығында Жердің алғашқы жасанды серігін ұшырғанына 60-жыл толғанына арнап өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – ғылыми-техникалық шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, инженерлік-техникалық және зерттеушілік мамандықтарға балалар мен жастардың қызығушылығын дамыту.

Біздің облысымыздың намысын 9 талантты және дарынды оқушылары қорғады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан  6 қатысушы жүлделі орынға ие болды.

І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Жакупов Әлішер – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының 9 сынып оқушысы;

- Козлова Алина – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының 9 сынып оқушысы;

- Макишева Адия – Семей қаласы, №6 гимназияның 10 сынып оқушысы.

ІІІдәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Ерназарова Меруерт – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы;

- Алтайқанова Аружан – Өскемен қаласы, №10 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы;

- Ершікенова Танакөз – Өскемен қаласы, А. Байтұрсынов ат. №20 орта мектептің 10 сынып оқушысы.

Олимпиада қатысушылар үшін тек зияткерлік жарыспен және өз жұмыстарын қорғаумен ғана емес, сонымен қатар, қызықты мәдени-танымдық бағдарламамен есте қалды. Ю. Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығы қатысушыларды ғарыш әлеміне апарды. Ресейдің Әскери-әуе күшінің мұражайы Ресей әскерінің қуаты мен күшін көрсетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!

Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!