+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Биологиядан VI облыстық олимпиаданың қорытындысы
20 Сәу, 11:48

2017 жылдың 15 сәуірінде Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университеті базасында биологиядан VI облыстық олимпиада өтті.

Олимпиаданың мақсаты дәрігер мамандығына қызығушылық танытатын облыс түлектетерінің кең ауқымын тарту, биология мамандығына оқуға түсетін дарынды балаларды анықтау болып табылады.

Олимпиадаға 150-ден астам қатысушы – облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша биология саласындағы ең мықты, тапқыр және талантты оқушылар анықталды.

І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Оразбеков Богдан – Семей қаласы, №30 жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы;

- Шыңғыстаева Айзере – Семей қаласы, №30 жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы;

- Маликов Акжол – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы.

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Ертаева Айнур – Семей қаласы, №12 жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы;

- Талғатова Роза – Үржар ауданы, Жанай орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

-Анибаев Ильяс – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Кузьмина Алиса – Бесқарағай ауданы, Канонер орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

- Абдрахманова Карина – Зайсан ауданы, Кенсай орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

- Муратов Мади – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған                «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!