+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ХИМИЯ ПӘНІНЕН АКАДЕМИК Ә. БЕКТҰРОВ АТЫНДАҒЫ ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫ
20 Сәу, 11:40

2017 жылы 11-13 сәуір аралығында  Павлодар қаласында химия пәнінен академик Ә. Бектұров атындағы ІІІ Халықаралық олимпиада өтті, оған 19 команда құрамында 68 оқушы қатысты.

Олимпиада жыл сайын қазақтың танымал ғалымы, Павлодар облысының тумасы, Қазақстандағы химия ғылымының негізін қалаушы академик Әбікен Бектұровтың құрметіне өткізіледі.

Олимпиаданың қатысушылары түрлі халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері болып табылады.

Олимпиаданың бірінші айналымы (теориялық) Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті. Бірінші айналымның тапсырмалары шешуге 5 сағат берілетін 6 есептен тұрды. Тәжірибелік айналым Еуразия Инновациялық университетінің инновациялық технологиялар Орталығы зертханасында өткізілді.

Екі айналымның қорытындысы бойыншахимия пәнінен Ә. Бектұров атындағы ІІІ Халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып келесі оқушылар атанды:

І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

– Гулмурод Пулот – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» облыстық мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

– Көпенов Нұрлыхан – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» облыстық мамандандырылған лицейінің 9 сынып оқушысы;

– Серік Талғар - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған         «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» облыстық мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы.

«Химия пәнінен Ә. Бектұров атындағы ІІІ Халықаралық олимпиаданың 2017 жылғы абсолюттік жеңімпазы» және «Үздік теоретик» атақтарын Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» облыстық мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы Гулмурод Пулот иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Мәртебелі жеңістер мен табыстар тілейміз!