Жалпы ережелер
1. Осы ереже Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72 жылдығына арналған «Жеңістің жұлдызды марафоны» конкурсының (әрі қарай – Конкурс) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, өткізу және қаржыландыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын»орталығы (әрі қарай - «Дарын» ШҚ ӨҒПО) болып табылады.
3. Конкурстыңнегізгі мақсаты өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке, эстетикалық және әскери-патриоттық тәрбиелеуге жағдай жасау, балалар мен жастар арасында Отанға, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне деген құрметпен қарауды қалыптастыру, ұрпақтар арасындағы диалогты әрі қарай дамыту, аға буын өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.
4. Конкурстың міндеттері:
- Ұлы Отан соғысы оқиғаларын оқып-үйрену арқылы еліміздің өткен тарихына деген қызығушылықтарын дамыту;
- патриотизм және азаматтық сезімдерін тәрбиелеу;
- Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға және тірі қалған адагерлер мен аға буын өкілдеріне деген азаматтық борыш және алғыс сезімдеріне тәрбиелеу;
- туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру;
- оқушыларды Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ халқының қаһармандық тарихы мен ерлігіне баулу.
Конкурсөткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
Конкурстың ұйымдастыру комитеті
5. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (әрі қарай – Ұйымдастыру комитеті).
Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурсты дайындауға және өтуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімді қабылдайды;
- қазылар құрамын құрады және бекітеді;
- іс-шаралар түрін, өткізу формасын анықтайды;
- Конкурс қорытындысына талдау жасап, жалпылайды;
- Конкурстың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз ету.
Конкурстыңқатысушылары
6. Конкурсқа ШҚО жалпы білім беретін мекемелерінің оқушылары қатысады.
Қала/аудан және мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы – 10-15 қатысушы және 1 топ жетекшісі (тарих пәні мұғалімі).
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
7. Конкурс 2017 жылдың 20 сәуірі мен 5 мамыры аралығында өтеді
8. Конкурсқа қатысуға өтінімді (№1 қосымша) 2017 жылдың 12сәуіріне дейін білім бөлімі басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген өтінімді келесі мекен-жайға: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО 8 (7232) 700-244 телефоны бойынша, е-mail: vk_daryn@mail.ruжіберу қажет.
Мамандандырылған білім мекемелерікомандаларының қатысушыларының тізімі сұранысқа қоса тіркеледі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, команда жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, және ұялы телефонының нөмірі.
9. Конкурс төрт кезең бойынша өтеді:
1 кезең – «Соғыс жылдары тарихының білгірі».
1-ші кезеңді өткізу мерзімі: 2017 жылдың 20-25 сәуірі.
Қатысушылар www.veteran-vko.kz. сайтының материалдарын оқып үйренеді. Ұлы Отан соғысы туралы әңгімелер құрастырады, аға ұрпақтың Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерін, әңгімелері мен кітаптан жеке эпизодтарды, жауынгерлердің бейбіт күндерін суреттейді (сайтта жоқ болуы қажет).
1 кезеңінің қорытындысы бойынша бейне, фото, жазбаша есепті 2017 жылдың 5 мамырына дейін (сағ. 14.00 дейін) Ұйымдастыру комитетінің келесі мекен-жайына:vk_daryn@mail.ru (файлды Жеңіс марафонының бірінші кезеңі деп жазу керек) немесе CD/DVD дискісіндеӨскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, 302 кабинет бойынша жіберіледі.
Конкурстың 1 кезең тапсырмаларын мынадай критерийлерді ескере отырып, қазылар алқасы жиырма бес ұпайлы жүйе бойынша бағалайды:
1)Конкурстыңтақырыбына сәйкестігі;
2)Әлеуметтік маңыздылығы;
3)Инновациялық сипаты;
4)Ақпараттық қамту;
5)Материалдардың сапасы.
2 кезең – «Қасым» әскери-патриоттық фильмін (4 серия) көріп тамашалау қорытындысы бойынша викторина.
Конкурстың 2-ші кезеңін өткізу мерзімі: 2017 жылдың 26-27 сәуірі.
Команданың әрқайсысы 10 тапсырма орындайды (жазбаша). Тапсырмалар «Қасым» әскери-патриоттықфильмінің мазмұны негізінде құрылып, қатысушыларға 2017 жылдың 27 сәуірі күні электронды пошта бойынша жіберіледі.
Конкурсқа қатысушылардың викторина тапсырмаларына жауаптары 2017 жылы 28 сәуірге дейін (14.00-ге дейін) CD/DVD дискісінде келесі мекен-жай бойынша ұйымдастыру комитетіне: Өскемен қ.,Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, 302 кабинет тел. 8 (7232) 74-22-66, е-mail: vk_daryn@mail.ru (файлды Жеңіс марафонының екінші кезеңі деп жазу керек) ұсынылады.
Викторина тапсырмаларын тексеріп бағалауды команда жауаптарының нақтылығын ескере отырып, қазылар алқасы он ұпайлы жүйе бойынша бағалайды:
3 кезең – «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің ұрпақ үшін маңыздылығы» бейнеклипін түсіру.
Бейнеклип тақырыптары:
- «Мәңгілік Ел» тұғыры – Қуатты Армия»;
- «Көшелер – батырлар атымен»;
- «Вклад моих односелчан в Великую Победу»;
- «Я помню! Я горжусь!»;
Конкурстың 3-ші кезеңін өткізу мерзімі: 2017 жылдың 28 сәуірі.-.2 мамыры.
Бейнеклип 2017 жылы түсірілуі қажет.
Бейнеклип 2017 жылғы 5 мамырға дейін (14.00 дейін) CD/DVD дискісінде Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жіберілуі қажет: Өскемен қ., Абай даңғылы, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, 302 кабинет.
Бейнеклип материалдарын келесі критерийлерді ескере отырып, қазылар алқасы жиырмаұпайлы жүйе бойынша бағалайды:
1) материалдардың нақты деректермен бекітілуі;
2) түсірілген материалдардың сапасы;
3) Қатысушылардың таланты мен әртістілігі;
4) қатысушылардың бейнеклипке қатысуы.
4 кезең – «Жеңіс өлеңдері»- жер бетіне өмір, бейбітшілік сыйлаған, біздің болашағымыз үшін қаһармандық пен ерлік көрсеткен батырларға өлең түрінде алғыстарын білдіру.
Конкурстың 4 кезеңін өткізу мерзімі: 2017 жылдың 14 сәуірі.-.4 мамыры (тапсырмалар Конкурстың барлық кезеңдерін өткізу барысында орындалады).
Конкурсқа қатысушылардың өлеңдері 2017 жылғы 5 мамырға дейін (14.00-ге дейін) CD/DVD дискісінде келесі мекен-жайға бойынша ұйымдастыру комитетіне: Өскемен қ.,Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, 302 кабинет тел. 8 (7232) 74-22-66, е-mail: vk_daryn@mail.ru (файлды Жеңіс марафонының төртінші кезеңі деп жазу керек) ұсынылады.
Тапсырмаларды мынадай критерийлерді ескере отырып, қазылар алқасы он ұпайлы жүйе бойынша бағалайды:
1) Конкурс тақырыбына сәйкестігі;
2) Стилистика. Формасы мен стилінің бірлігі. Форма ережесін сақтауы;
3) Ұйқас сапалары (нақтылығы, түпнұсқалылығы, күрделілігі);
4) Ритм, метр, өлшемді сақтауы (нақтылығы, түпнұсқалылығы, қиындығы);
5) Үлгілі поэтикалық әдістерді пайдалануы;
6) Жеке авторлық стилі;
7) Сөздердің дағдылы тәртібіндегі сөйлем мағынасын бұзатын негізсіз деректердің болмауы (сөйлемдегі қарапайым сөз тәртібінің бұзылуы);
8) Фонетика (дыбысталу үйлесімділігі). Оқу мен айтуға ыңғайлылығы;
9) Материалдың тереңдігі, логикалық байланысы, композициялылығы;
10) Мәнерлілігі, сөздік қоры, метафора, эпитеттерді, аллегорияны қолдануы;
11) Реттілігі, метафора, эпитеттер, аллегорияның нақтылығы;
12) Эмоциялық әсері,сюжеттілігі.
Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
10. Конкурсты өткізу қорытындысы бойынша қатысушылардың үздік жұмыстары енгізілген жинақ басылымға шығады.
11. Төрт кезең қорытындысы бойынша барынша көп ұпай жинаған командалар жеңімпаз атанады.Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды.
12. Конкурстың жеңімпаз командалары дипломдармен марапатталады. Конкурстың барлық қатысушыларына сертификат беріледі.
Қосымша№1
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған
«Жеңістің жұлдызды марафоны» патриоттық Акциясына қатысуға тапсырыс
|
№ |
Қатысушының фамилиясы аты |
Район/ город |
Білім беру ұйымы |
Сыныбы |
Жетекшінің фамилиясы, аты, әкесінің аты |
Жетекшінің лауазымы |
Жетекшінің ұялы телефонының нөмірі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|