+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңін өткізу туралы ЕРЕЖЕ
18 Сәу, 06:10

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық  математикалық турнирінің облыстық кезеңінің (әрі қарай - Турнир) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, қаржыландыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.

1.2. Турнирдің ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ӨҒПО) болып табылады.

1.3. Турнирдің негізгі мақсаты математикаға қабілеті бар дарынды бастауыш сынып оқушыларын анықтау, қолдау және дамыту болып табылады.

1.4. Турнирдің негізгі міндеттері:

- математика саласындағы неғұрлым дарынды бастауыш сынып оқушыларының командалық жарыста бір-бірімен шығармашылық қарым-қатынас жасауына арнайы жағдай жасау;

- математика пәні бойынша Шығыс Қазақстан облысының олимпиадалық резервін қалыптастыру;

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділігін ынталандыру, математика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

- бастауыш сынып оқушыларының жеке және командалық жарыстарға қатысу қабілетін дамыту.

Турнирдің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдерінде болып табылады.

2. Турнирдің ұйымдастырушылық комитеті

2.1. Турнирді ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (әрі қарай – Ұйымдастыру комитеті).

Ұйымдастыру комитеті:

- Турнирдің өткізілуі мен дайындығына тікелей басшылықты іске асырады;

- Турнирге қатысу үшін өтінім мен қажетті материалдарды қабылдайды;

- қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;

- іс шаралар түрін және өткізу формасын анықтайды;

- Турнир қорытындысына талдау жасап, жалпылайды;

-Турнирдің дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.

3. Турнирге қатысушылар

3.1. Турнирге Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған мектеп, лицей, гимназияларының 2-4 сынып оқушылары қатысады.

3.2. Әрбір қала/аудан және облыстық мамандандырылған мектеп қазақ немесе орыс тілдерінде оқитын бір командадан ұсына алады.

3.3. Әр қала/аудан және облыстық мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 4 адам: 3 қатысушы және 1 команда жетекшісі (жаттықтырушы): 2 сынып – 1 оқушы, 3 сынып – 1 оқушы, 4 сынып –               1 оқушы.

3.3. Команда жетекшісі бастауыш мектептегі математиканы оқыту саласындағы маман болуы қажет (математика пәнінің мұғалімі немесе бастауыш сынып мұғалімі, әдіскер, математика үйірмесінің жетекшісі).

3.4. Команда жетекшісі турнирге қатысушылардың шара өтетін орынға дейінгі жолдағы, оның өтуі кезіндегі және тұратын жеріне дейінгі қайтар жолдағы өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауапты болады.

3.5. Турнирге келіп жеткен соң команда жетекшісі ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:

1) Турнирге қатысу жөніндегі бұйрықтың көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ә., туған жылы, сыныбы, оқу орны мен білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны, команда жетекшісінің Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);

3) қатысушылардың жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі. 

3.6..Қатысушы командалардың әрқайсысының бірыңғай формасы мен эмблемасының болуы қажет.

4. Турнирді ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4.1. Турнир 2-4 сыныптағы математика пәні бағдарламасының мазмұнын қамтиды.

4.2. Турнир екі кезеңде өтеді:

Бірінші кезең – іріктеу (2017 жылдың 21 сәуірі). Лицей және гимназиялар үшін іріктеу кезеңі қалалық/аудандық және мамандандырылған мектептер деңгейінде өтеді. 

Екінші кезең – облыстық (Өскемен қаласы, 2017 жылдың 5 мамыры). Командалардың келуі 5 мамыр (сағат 09.00 дейін), қайтуы – 5 мамыр (сағат 17.00-ден кейін).

Облыстық кезең үш айналымда өтеді:

1 айналым«Әу Баста» (жазбаша командалық олимпиада).

1 айналымды өткізу уақыты – сағат 10.00-10.45.

«Әу Баста» – есеп шығару бойынша командалық ойын сайысы.

Командалардың әрқайсысына шешу үшін үш есебі бар үш тақырып ұсынылады.

Команда капитаны қатысушылардың жұмысын үйлестіріп, есепті шешуге көмектеседі және қатысушылардың жауаптарын тексереді.

Есепті шешуге 45 минут уақыт беріледі. Есептің жауаптары оның шарты жазылған арнайы бланкке белгіленеді.

1 айналымның тапсырмаларын тексеру мен бағалауды қазылар алқасы жүзеге асырады. Бірінші есепті шешкені үш әр тақырыпқа 2 ұпай, екіншісіне -  4 ұпай, үшіншісіне - 6 ұпай беріледі. Нәтижесінде, әр команданың есеп шешуде 36 ұпайдан жинау мүмкіндігі бар.

2 айналым  – «Асық» (ауызша-командалық олимпиада).

2 айналым өткізу уақыты – сағат 11.00-12.30.

«Асық» - бұл командалық есеп шығару сайысы.

Барлық командаларға бір уақытта асықтардың суреті бар карточкалар беріледі. Әр карточкада бір есеп берілген. Команданың есептің шешуін тапсыруға екі мүмкіндігі бар. Егер дұрыс жауап бірінші мүмкіндікте берілсе, онда команда есеп жазылған карточкадағы сандардың қосындысына тең ұпайды алады. Егерді дұрыс жауапты екінші мүмкіндікте берсе, онда карточкалардағы ең үлкен санға тең ұпай алады. Егер дұрыс жауап екінші мүмкіндікте берілсе, онда команда карточкада жазылған ең үлкен санға тең ұпай алады.

Командаларға берілген уақыт бітсе немесе  барлық есептерді шығарып болса ойын аяқталады.   

2.айналым тапсырмаларын әділқазылар бағалайды. «Асық» ойынында команда есептер шығарғаны үшін 125-тен артық емес ұпай санын жинай алады.

3 айналым – «Математикалық бәйге» (ауызша-жекелей олимпиада).

3 айналымды өткізу уақыты – сағат 13.30-14.15.

«Математикалық бәйге» - ауызша жекелей олимпиада.

«Математикалық бәйге» ойынына оқушылар жеке сыныптар бойынша қатысады.

Әр қатысушыға үш есебі бар карточка беріледі. Оқушы есепті шешкен соң, қазылар алқасы мүшесімен әңгімелесу барысында өзінің шешуін конспектті қолданып түсіндіреді. Қазылар алқасының мүшесі әңгімелесу барысында есептің дұрыс шешілуін бағалайды және кемшіліктер табылған жағдайда олимпиада қатысушысына оны көрсетеді және оған түзетуіне мүмкіндік береді. 

Әр есептің шешуін қазылар алқасы 3,5-7 ұпайға дейін бағалайды.                       Әр команда есептерді шығарғаны үшін 63 ұпай жинай алады.

4.3. Турнирдің облыстық кезеңіне қатысуға білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларымен бекітілген өтінім (№ 1 Қосымша) 2017 жылы 25-ші сәуірге дейін төмендегі мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қаласы, Абай көшесі, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО тел. (факс):  8 (7232) 55-20-12, е-mail: vk_daryn@mail.ru .

5. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

5.1. Турнирдің барлық қатысушыларына сертификат беріледі.

5.2. Турнир қорытындысы бойынша командалар «Әу Баста» және «Асық» сайыстарының номинациялары бойынша марапатталады.

5.3. Жеке есепте «Математикалық бәйге» сайысының номинациялары бойынша марапатталады. 

5.4. Үш айналым қорытындысы бойынша барынша көп ұпай жинаған командалар жеңімпаз аталады. Турнирдің жеңімпаз командалар диплом және сыйлықтармен марапатталады.

6. Қаржыландыру

6.1. Іс шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО жүзеге асырады.

Турнирге қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іс сапар шығындары (екі жаққа жол шығыны) жіберуші жақ есебінен төленеді.

№ 1 қосымша

2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңіне қатысуға тапсырыс 

Қатысушы ның тегі,аты

Қала/ аудан

Білім беру ұйымы

Сыныбы

Жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты

Жетекшінің лауазымы

Жетекшінің ұялы телефонының нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8