Өскелең ұрпақтың жоғары және сапалы білімі – елдің табысының кепілі.
Оқушылардың зияткерлік дамуының және шығармашылық әлеуетінің деңгейін анықтау, қолдау және Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларын дамыту үшін 2017 жылы 15 сәуірде Өскемен қаласының №46 орта мектебінің базасында бастауыш сынып оқушыларының «Балдырған» облыстық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға облыстың қалалары мен аудандарынан 360 астам дарынды, білімпаз және талантты 3-4 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиаданың ашылу салтанаты балаларды «Flash» шоу-тобының және №46 орта мектептің «Арландар» вокалдық тобының тамаша өнерлерімен тәнті етті. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы А. Садыкова олимпиаданың қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеп, оларға табыстар тіледі.
Олимпиаданың қатысушылары өз білімдерін келесі пәндерден көрсетті: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарындағы қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ сыныптарындағы орыс тілі, ағылшын тілі, математика, дүниетану және бейнелеу өнері.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 162 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. І дәрежелі дипломмен – 44, ІІ дәрежелі дипломмен – 43, ІІІ дәрежелі дипломмен – 75 қатысушы марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!
Әр бастамада табыс пен жеңіс тілейміз!