+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ғылым әлемін ашамыз» ХІІІ Халықаралық ғылыми жарыстарының қорытындысы
12 Сәу, 08:27

Облысымыздың жас зерттеушілері 2017 жылдың 6-8 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында В. Челомей ат. Халықаралық ғарыштық мектебінің базасында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ХІІІ Халықаралық ғылыми  жарыстарына қатысты.

Ғылыми сайыстың мақсаты - ғарыштық зерттеулер саласындағы ғылыми - зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.

Жарыстың қорытындысы бойынша облысымыздың қоржынында екі жүлделі орын және республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамоталарымен толықты.

І дәрежелі дипломмен:

- Көкпекті ауданы Ж. Болғанбаев ат. орта мектептің  11 сынып  оқушысы – Қамбаров Еркебұлан;

ІІІ дәрежелі дипломмен:

- Өскемен қаласы №11 орта мектептің 11 сынып оқушысы – Смирнов Арсений марапатталды.

Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен марапатталғандар:

-   Семей қаласы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушылары Медведев Денис, Тұрсынғазы Қанат;

- Шемонаиха ауданы Н. Островский ат. №1 орта мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы - Слямбеков Нурсултан.

Жарыстың барлық қатысушыларына қызықты мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды: «Байқоңыр ».

Сайысқа қатысушылар үшін қызықты мәдени-танымдық бағдарлама: "Байқоңыр" космодромының ғарыш мұражайына, "Буран" орбитальді корабліне, академик С.П.Королевтің мемориалды үйіне, Жер ғаламшарының тұңғыш ғарышкері Ю.А.Гагариннің мемориалды үйлеріне танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды.  

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!