+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндері бойынша аудандық олимпиада
12 Сәу, 06:27

2017 жылы 8 сәуір күні К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі базасында 9-11 сынып оқушылары арасында биология-химия пәндерінен Жәкулә Күшікұлы атындағы 5-аудандық олимпиада өтті. Олимпиадаға 9-11 сынып аралығындағы ауданның 35 орта мектептерінен 104 оқушы қатысты. Олимпиадада оқушыларға биология-химия пәні бойынша негізгі жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес тест тапсырмалары мен есептер ұсынылды. Олимпиаданы өткізуге олимпиада негізін қалаушы марқұм Асқар Жакулиннің ҚХР-дағы туыстары, ақын, ҚР-ның мәдениет қайраткері А.Сакбаев  және Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының өкілдері келді. Олимпиаданың басты демеушісі Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры  жеңімпаз оқушыларға    дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

I дәрежелі дипломмен  және бағалы сыйлықпен (ноутбук)  6 жеңімпаз марапатталды;

II дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен (смартфон)  12 жүлдегер марапатталды,

III дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен (планшет)  18 қатысушы марапатталды.

Бұл күні ауданның биология-химия мұғалімдеріне арналып «Критериалды бағалау» және «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде өткізу» тақырыбына коучинг ұйымдастырылды. Әділқазылар сараптама жұмыстарын жүргізіп жатқанда, олимпиадаға қатысушылар мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасын тамашалады.