«Білім жолы» халықаралық марафоны, білім беру қажеттіліктеріне қарамастан барлық балаларды біріктіретін және теңестіретін ең толерантты байқаулардың бірі болып саналады.
Шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының бойында шығармашылық және ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды шешу қабілеттін, табыстың немесе сәтсіздіктің себептерін түсіну және сындарлы әрекет ету қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау, сонымен қатар, арнайы білім беруді қажет ететіндер үшін теңдердің арасында өздерін тең сезінуге үлкен мүмкіндік береді.
«Білім жолы» республикалық марафонының облыстық кезеңі Алматы қаласында бастау алып, келесі Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Қаскелен, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Көкшетау мен Шүлбі, Павлодар, Петропавловск, Қостанай мен Рудный қалаларында өтті. Өскемен қаласында 2017 жылы 8 сәуірде өткізілді. Әрі қарай Семей, Жезқазған мен Сәтпаев, Қарағанды, және де еліміздің астанасы – Астана қаласында өтеді.
Марафонға облыстың қалалары мен аудандарынан келген 150-ден астам белсенді, тапқыр және білімпаз оқушылар қатысты.
Қатысушылар «Мирас», «Өзін-өзі тану», «Discovery», «Полиглот», «Математика және логика», «Квест», «Спорт», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Театр», «Табиғаттану», «Шығармашылық» бекеттерінен өтті.
Әр бекетте, балаларды қуаныш пен шаттық алатын дәстүрлі емес тапсырмалар мен байқаулар, театрлық қойылымдар және спорттық жарыстар күтіп тұрды.
Марафонның қорытындысы бойынша барлық командалар номинациялармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
- Шемонаиха ауданының командасы «Жыл жаңалығы» номинациясында;
- USMAS халықаралық зияткерлік академиясының командасы «Жас математиктер» номинациясында;
- Глубокое ауданының командасы «Алғырлар мен тапқырлар» номинациясында;
- «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының командасы «Жас эрудиттер» номинациясында;
- Өскемен қаласы, «Баланы дамыту орталығы» балабақшасының командасы «Жас данагөйлер» номинациясында;
- Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің командасы «Жас зияткерлер» номинациясында;
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының командасы «Жас полиглоттар» номинациясында;
- Өскемен қаласы, №15 «Рахат» балабақшасының командасы «Жарқын жұлдызшалар» номинациясында;
- Өскемен қаласының құрама командасы «Жас өркен» номинациясында;
- Ұлан ауданының командасы «Табиғат жанашырлар» номинациясында;
- Өскемен қаласы, №37 орта мектептің командасы «Алғашқы қадам» номинациясында;
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға аранлған Валеология арнайы мектеп-кешенінің командасы «Білім құмарлар» номинациясында;
- Өскемен қаласы, нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша кешенінің командасы «Жас данышпандар» номинациясында;
- Өскемен қаласы, сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №62 мектеп-балабақша кешенінің командасы «Жас білгірлер» номинациясында;
- Өскемен қаласы, №1 «Балапан» бөбекжай-балабақшасының командасы «Жас дарындылар» номинациясындамарапатталды.
Сонымен қатар, марафонға демеушілік еткен Шығыс Қазақстан облыстық драмалық театры, «Үлбі» орталық мәдениет үйі, «Пицца Блюз желілері», Cambridge-school тілдік мектептер желісі, Шығыс Қазақстан облысының жарнама агенттіктерінің желісі, «Advance» зияткерлік дамыту орталығы, 16news.kz дербес ақпараттық сайты балаларды естелік сыйлықтармен қуантты.
Көрсетке қолдаулары, марафонды ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсеткені үшін қатысушы командалардың – мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының директорларына, сонымен қатар демеушілерге алғыс хаттар берілді.
Жабылу салтанатында Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің өкілдері мен «Флеш» шоу-тобы өздерінің тамаша өнерлерімен жеңімпаздарға өз құттықтауларын жолдады.
Барлық қатысушыларды, олардың ата-аналарын және ұстаздарын құттықтаймыз!
Табыс пен үлкен жеңістер тілейміз!