Тамаша Шығыс 2017 жылдың 23-30 наурызы аралығында ШҚО қатысушыларына «Шығыс ертегісі» мәдени-танымдық ауысымы кезінде Өзбекстанда өзінің жарқын түстерін көрсетті. Ежелден бері, Өзбекстан Еуропа мен Азияны байланыстыратын Ұлы Жібек жолында орналасқан.
Танымдық саяхат кезінде қатысушылар Өзбекстанның ежелгі қалаларын – Ташкент, Бұқара, Самарқандты аралады.
Ташкент қаласымен танысу шығыс қоғамының әдеттері мен этикалық қағидаларын зеттеруге көмек беретін «Шығыс Базары» гастрономиялық арт-шоуынан басталды. «Искиклол» алаңына, Алишер Нови саябағына, Кукилдош мердесесіне, қасиетті Құран бар Хасти Имам кешеніне, Каффал-Шаши медресесіне, Барак-Хан медресесіне және Ташкент хайуанаттар бағы мен ботаникалық бағына танымдық экскурсиялар өткізді. Қаланың жарқын оттары көрінген, Түнгі Ташкент өзінің әдемілігімен ерекше әсер қалтырды.
Келесі нүкте қатысушыларды жылы және қонақжай қарсы алған Самарқанд қаласы – үлкендігі және халық саны бойынша Өзбекстандағы екінші қала,. Бұл қалада балалар «Улугбек», «Шер Дор», «Тилла Кари» мердеселерін, сонымен қатар, «Некрополь Шохи-Зинда» архитертуралық кешенін, Улугбек обсерваториясын және Афрасиаб қаласының мұражайларын аралап көрді.
Орталық Азиядағы ең ежелгі қалалардың бірі – Бұқара. Бұл қалада балалар Ляби Хавуз алаңын: Надыр Диван Беги, Чанака, Боло Хавуз, Магоки-Аттари, Улугбек мешіттерін, Кукельдаш медресесін және Измаил Самани кесенесін аралады. Сонымен қатар, қатысушылар үшін Калян мұнарасын, АмирАлим-Хан мешіті мен медресесін, Мири-Араб медресесінен тұратын ескерткіш – Пои-Калянда шолу экскурсиясы ұйымдастырылды.
Саяхат кезінде біздің саяхатшыларымыз тек Ежелгі Өзбекстанмен таныспады, сонымен қатар, белсенді түрде викториналар мен байқауларға қатысты. Керамикалық шеберханада балалар өздерінің қолдарымен, өздеріне және жақындарына шебер кәдесыйлар жасады. Балалар жергілікті тұрғындарға қонаққа да барды. Олардың отбасылық тұрмысымен танысып, ұлттық өзбек палауын дайындау құпияларына үйренді.
Ауысым қатысушылары саяхат кезінде мол әсер мен рухани және мәдени білім алды. Отанға оралғаннан кейін қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.