2017 жылдың 28-29 наурызы аралығында еліміздің астанасы – Астана қаласында қазақ тілінен ХІ Республикалық «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Қашықтық кезеңінен сәтті өткен ШҚО командасының қатысушылары олимпиаданың қорытынды кезеңде өз аймағының намысын мақтанышпен қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша ШҚО командасы 4 жүлделі орынды иеленді.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Ришатқызы Шырын – Көкпекті ауданы, Көкпекті орта мектебінің 6 сынып оқушысы;
- Рустембекова Анель – Көкпекті ауданы, Көкпекті орта мектебінің 5 сынып оқушысы;
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Мовилян Милана – Глубокое ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы;
- Березовских Екатерина – Риддер қаласындағы №1 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушысы.
Атаулы грамоталармен келесі қатысушылар марапатталғандар:
- Богамолова Алена – Риддер қаласындағы №1 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушысы;
- Ушакова Анастасия – Риддер қаласындағы №1 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушысы;
- Сюсюкина Виктория – Өскемен қаласындағы №39 орта мектептің 7 сынып оқушысы;
- Каратаева Снежана – Өскемен қаласындағы №39 орта мектептің 7 сынып оқушысы.
Сонымен қатар, біздің балалар «Жеңіске деген талпынысы үшін» номинациясында дипломдармен марапатталды:
- Яковлева Варвара – Риддер қаласындағы №2 орта мектептің 7 сынып оқушысы;
- Акулова София – дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының 7 сынып оқушысы;
- Галиева Линара – Семей қаласындағы №10 орта мектептің 7 сынып оқушысы;
- Постой Алина – Семей қаласындағы №15 жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушысы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!
Табыс пен үлкен жеңістер тілейміз!