Елбасы Н. Ә. Назарбаев жаңа заман жастарының білімділігіне үлкен үміт арта отыра, «Біздің жастар оқуға, жаңа білімді игеруге, жаңа қабілеттерді меңгеруге, күнделікті өмірде білімдерін және технологияларын икемді, әрі тиімді қолдануға міндетті» екендігін атап көрсетті.
2017 жылдың 24-27 наурызы аралығында Каспий теңізінің жағалауындағы Ақтау қаласында жалпы білім беретін пәндерден қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиада – 2017 өтті.
Олимпиада қатысушылары – республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде өз эрудициясын тамаша көрсеткен еліміздің зияткерлік элитасы.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ШҚО командасының 17 қатысушысы жеңімпаз және жүлдегер атанды:
І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен марапатталғандар:
- Абзалбекова Алмира – Семей қаласы, №22 орта мектептің 10 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Құрманов Марғұлан – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы).
ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталғандар:
- Егінбаев Бақдаулет – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейдің 10 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Садуакасов Данияр – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі);
- Цой Максим – Өскемен қаласы, А. Гумбольдт атындағы шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын №12 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы (неміс тілі);
- Мақымет Арай – Көкпекті ауданы, Аманкелді орта мектебінің 11 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Саяқов Самат – Семей қаласы, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейінің10 сынып оқушысы (құқық негіздері);
- Джумабаев Темирлан – Семей қаласы, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);
- Мубараков Мутанбек – Зырян қаласының мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (құқық негіздері);
- Балагозинова Анель – Семей қаласы, экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті).
ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталғандар:
- Талғатов Таир – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі);
- Жамсап Даулет – Өскемен қаласы, №10 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы (неміс тілі);
- Нұрадиева Гульнар – Глубокое ауданы, Прапорщиково орта мектебінің 10 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);
- Коровина Юлия – Глубокое ауданы, Уварово орта мектебінің 10 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі);
- Олжабаева Шырын – Бородулиха ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Ернайманова Бота – Үржар ауданы, Б. Момышұлы атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);
- Аубакирова Аружан – Күршім ауданы, №3 гимназияның 11 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі).
Жалпыкомандалық есепте Шығыс Қазақстан облысы бірінші орынды иеленіп, «Ең үздік олимпиадалық команда-2017» атағын алды.
Олимпиаданың мәдени-танымдылық бағдарламасы жағалауға және театрға саяхатты, спорттық шараларды қамтыды.
Біздің облыстың білім беру жүйесіне қосқан зор үлесі үшін және біздің жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындағаны үшін келесі мұғалімдерге зор алғысымызды білдіреміз:
- Қанатбеков Жалын Қанатбекұлы – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейінің тарих пәні мұғалімі;
- Алибаев Аслан Оразбекович – Семей қаласы, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейінің тарих пәні мұғаліміне;
- Годованчук Елена Юрьевна – Зырян қаласының мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі;
- Муканова Айнур Муратовна – Семей қаласы, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейнің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі;
- Абайбекова К. К. – Үржар ауданы, Б. Момышұлы атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
- Малдыбаева Раушан Токтаркановна – Күршім ауданы, №3 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
- Амиржанова Мария Муканаевна – Глубокое ауданы, Прапорщиково орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі;
- Акатаева Майра Джумабековна – Глубокое ауданы, Уварово орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі;
- Жакупова Роза Бабыкеновна – Өскемен қаласы, №10 мектеп-гимназияның неміс тілі пәні мұғалімі;
- Кабидоллина Сауле Кабиевна – Өскемен қаласы, А. Гумбольт атындағы шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын №12 мектеп-гимназияның неміс тілі пәні мұғалімі;
- Шакиртов Ринат Серикович – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;
- Корганов Русланбек Хамзебекович – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;
- Жолжақсынова Аида Аминғазықызы – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі;
- Исаханова Гүлназ Маликовна – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі;
- Смаилова Салтанат Азимбековна – Көкпекті ауданы, Аманкелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі;
- Ықыласова Әсел Жеңісқызы – Бородулиха ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі;
- Мейер Елена Владимировна – Семей қаласы, экономикалық лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі;
- Иманкалиева Әлия Бекеновна – Семей қаласы, №22 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді,
олардың мұғалімдерін және ата-аналарын құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!