2017жылдың 16-19 наурызында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Ақмола облысындағы Щучье қаласындағы республикалық оқыту-сауықтыру «Балдәурен» лагерінде өткен 1-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсына қатысып қайтты.
Шара оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, ғылыми ізденіс пен зерттеу жұмыстарын өз еркімен меңгертуге, интеллектуалдық-шығармашылық қабілетін арттыру, зерттеу жұмыстарын жүргізу бала кезінен қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Оқушылардың жобаларды қорғауы 8 секция бойынша өткізілді:
1) математика – информатика;
2) физика – техника;
3) қазақ тілі және әдебиеті;
4) орыс тілі және әдебиеті;
5) биология, химия, валеология;
6) география – экология;
7) тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
8) психология – медицина.
Республикалық кезеңге барлық өңірлерден 420оқушы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының намысын 32оқушы қорғады. Конкурстың қорытындысы бойынша 28қатысушы жүлдегер атанып, 1 оқушы РҒП «Дарын» орталығының грамотасымен марапатталды. Сайыс нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы командалық 1-орынға ие болды.
I дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Өскемен қаласының №11 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Жұмағалиев Данияр (математика, информатика);
- Семей қаласының №27орта мектебінің 3-сынып оқушысы Айкешова Жанерке (математика, информатика);
- Өскемен қаласының "Нұр Орда" мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысыКаби Исламнур (математика, информатика);
- Өскемен қаласы, №38 мектеп гимеазиясының 4-сынып оқушысы Ауданбекова Айша (физика, техника);
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді гимназиясының 4-сынып оқушысы Жақсылықова Аяулым (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді гимназиясының 4-сынып оқушысы Ғарифолла Алдияр (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
- Катон-Қарағай ауданы, Үріл орта мектебінің 3-сынып оқушысы Оралбек Айдос (қазақ тілі және әдебиеті);
- Өскемен қаласы, №45 бейінді орта мектебінің 6-сынып оқушысы Сейтханов Нұрдаулет (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған математика, физика, информатика облысындағы мамандандырылған метебінің 3-сынып оқушысы Дюсюпов Алишер (медицина, психология);
II дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Семей қаласының облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 7-сынып оқушысы Бақытбеков Ерсұлтан (қазақ тілі және әдебиеті);
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған математика, физика, информатика облысындағы мамандандырылған метебінің 2-сынып оқушысы Жадринова Амина (медицина, психология);
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді гимназиясының 4-сынып оқушысы Жолдыханова Аяла (қазақ тілі және әдебиеті);
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді гимназиясының 4-сынып оқушысы Нурланов Мурат (қазақ тілі және әдебиеті);
- Үржар ауданы, Найманбай атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Қалидолда Шалқар (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
- Үржар ауданы, Найманбай атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Анарбеков Айбар (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған математика, физика, информатика облысындағы мамандандырылған метебінің 3-сынып оқушысы Мухамедьярова Мелиша (орыс тілі және әдебиеті);
- Өскемен қаласының №11 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы Павлов Андрей (физика, техника);
- Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 7-сынып оқушысы Маратова Зере (математика, информатика);
- Үржар ауданы, Крупская орта мектебінің 5-сынып оқушысы Ерланқызы Керім (биология, химия);
- Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 7-сынып оқушысы Тоқанова Шұғыла (қазақ тілі және әдебиеті);
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді гимназиясының 3-сынып оқушысы Рысбеков Алдияр (валеология, экология);
- Өскемен қаласы, №10 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Эрдман Владимир (математика, информатика);
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді гимназиясының 7-сынып оқушысы Куанышев Диас (валеология, экология);
«Дарын» РҒПО грамотасымен Семей қаласындағы №6 гимназияның 3-сынып оқушысы Шаңбай Фатима (биология, химия);
- Бесқарағай ауданы, Канонерская орта мектебінің 3-сынып оқушысы Масенкова Виктория (медицина, психология);
- Бесқарағай ауданы, Канонерская орта мектебінің 3-сынып оқушысы Иванов Юрий(медицина, психология);
- Семей қаласы, №6 гимназиясының 7-сынып оқушысы Шуваев Михаил (физика, техника);
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді гимназиясының 7-сынып оқушысы Рысбеков Алдияр (математика, информатика) марапатталды.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!