+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Дарынды оқушыларға арналған «Дарын» Жазғы Академиясын өткізудің қорытындысы
17 Мау, 07:06

2011 жылдың 6 – 13 маусым аралығында ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы облыстың дарынды оқушыларына «Көгілдір шығанақ» демалыс базасында «Дарын» Жазғы Академиясын  өткізді.cut

Жазғы Академиясының негізгі міндеттері:

Оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру.

Оқушылардың ғылым негіздері бойынша білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге мүмкіндік беру.

Түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға дайындау.

«Дарын» Жазғы Академиясының қатысушылары – халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың  және сайыстардың жүлдегерлері, облыстың әр аудандары мен қалаларынан келген 5 -10 сыныптың оқушылары болды.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ – дың, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ – дың жетекші ғалымдары мен шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдері математика, қазақ тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша тереңдетілген лекциялар, практикалық сабақтар жүргізілді.

«Дарын» Жазғы Академиясындағы оқу белсенді демалысымен үйлесті.

Балалар олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін анықтау мен дамытуға бағытталған түрлі іс-шараларға қатысты. Балалардың денсаулықтарын нығайту үшін іс-шаралардың жоспарына спорттық ойындар, жарыстар енгізілді.

«Дарын» Жазғы Академиясының салтанатты жабылуында барлық тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді. Оқытушылардың ұсыныстары  бойынша түрлі пәндерді оқуда көрсеткен ерекше табыстары үшін үздік оқушылар грамоталармен марапатталды.

Түрлі іс-шараларға белсенді қатысқандарға құрмет грамоталары, сыйлықтар табысталды.