2017 жылдың 13-16 наурызы аралығында «Дарын» базасында облыс мектептерінің 8-11 сынып оқушылар қатысқан жас өнертапқыштардың «Шапағат» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқау қатысушыларының бағдарламасында тек жобаларды қорғау ғана емес, сонымен қатар, шеберлік кластары, тәжірибелік сабақтар, спорттық және ойын-сауық түріндегі шаралар, тимбилдинг пен таза ауадағы ойындар қамтылды.
Байқаудың қазылар алқасы байқау жұмыстарының жоғары деңгейін және оқушылардың әлеуетін атап өтті.
Үздік жұмыстар өнертапқыштық саласындағы «Шапағат» байқауының республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылды.
Балаларды құттықтаймыз, келешекте табыс, шабыт және шығармашылық тілейміз!