2016 жылы 12-18 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының 38 оқушысы Павлодар қаласындаөткен жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысып қайтты.
Шараның өткізілу мақсаты – ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды дамытуға қажетті жағдай жасап, халықаралық олимпиадаларға қатысуға оқушыларды іріктеу және дайындау.
Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша ШҚО-дан 17 оқушы медаль иегерлері атанды.
I дәрежелі дипломмен және алтын медальмен келесі оқушылар марапатталды:
- Айтказинов Шынгыс - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (физика);
- Увалиев Әділет - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (физика);
- Алибеков Мансур - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы(химия);
- Көпенов Нұрлыхан - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы (химия);
II дәрежелі дипломмен және күміс медальмен келесі оқушылар марапатталды:
- Абаев Бауыржан - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы(биология);
- Серік Талғар - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы(химия).
III дәрежелі дипломмен және қола медальмен келесі оқушылар марапатталды:
- Еркимбеков Алишер - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы(информатика);
- Гулмурод Пулот - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы(химия);
- Ботаканов Торежан - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы(информатика);
- Байболов Темірлан - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (информатика);
- Ернат Бекзат - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы(информатика);
- Мағауин Расұл - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы (физика);
- Төлеуов Аслан - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (физика);
- Чарахметов Арафат - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы(биология);
- Алакбаев Бекжан - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика);
- Жанатов Ғалымжан - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы (география);
- Социалов Айдос - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы (география).
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ШҚО командасы жалпыкомандалық екінші орын және «Ең үздік олимпиадалық команда - 2017» номинациясында дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ, олимпиадаға қатысушылар үшін Павлодар қаласының ірі кәсіпорындарына саяхат, мәдени-танымдық және спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Жеңімпаздарды, олардың ұстаздарын, ата-аналарын құттықтаймыз. Табыс және жаңа жеңістер тілейміз!