Қазақстандық жас ұрпақтың азаматтық және рухани көзқарасын нығайту мақсатында «Дарын» базасында 2017 жылдың 6-9 наурызы аралығында дарынды балаларға арналған «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингі өткізілді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тұжырымдамалық идеялары мен жаһандық бастамаларын зеттеуге арналған семинар-тренингке облыстың 40-тан астам белсенділері мен көшбасшылары қатысты.
Шаралар бағдарламасына дәрістер, шеберлік кластар, коучингтік кездесулер сияқты және т.б. сабақ түрлері енді.
Семинар сабақтары «Ұлт жоспары: мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес иституциялық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадам» тақырыбына арналды. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтарды талқылауға қатысты, ойларымен алмасты, елдің болашағын қалай көретіндері және ол үшін не істейтіндері туралы айтты.
Дәрістерді облыстың жоғарғы оқу орындарының, мамандандырылған мектептерінің үздік оқытушылары, сонымен қатар, Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары оқыды.
«Мәңгілік Ел: тарихы мен қайнар көздері», «Тәуелсіздік және Ұлттық қауіпсіздік», «Жалпыұлттық бірлік және Жоғары Руханилық», «Индустриаландыру және жалпы еңбек қоғамы» тақырыптары жас сананың түсінуіне қиын болғанымен, семинар-тренингтің қатысушылары ақпарат қолжетімді түрде берілгені сондай, жас белсенділердің құлшынысы мен қиялы батырлық ерліктерге жетеледі.
Қатысушылар үшін семинар-тренинг кезінде белсенді демалыс ұйымдастырылды. Зияткерлік байқаулар мен ойындар, тимбилдингтер және, әрине, таза ауадағы саяхат қатысушыларға мол жарқын және позитивті эмоциялар сыйлады.
Семинар-тренингтің соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді.