Барлық ғылымдардың шынайы және заңды мақсаты, өмірге жаңа өнертабыстар және байлықтар әкелуде болып табылады. Осы жорамалды барлық уақыттағы ғалымдар ұстанады.
Ө. Жолдасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық байқауы 200 астам бүкіл Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекістан елдеріден жас өнертапқыштарды 2017 жылдың 2-4 наурызы аралығында әсем қала – Алматыда жинады. Екі күн аралығында Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеттің механика-математика факультеті базасында 230 астам математика, қолданбалы математика, экономика және механика саласында жобалар ұсынылды. Байқау нәтижесі бойынша үздік ғылыми жобалар І, ІІ, ІІІ дәрежелі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің дипломадарымен марапатталды. Жас өнертапқыштардың арасынан Шығыс Қазақстан облысынан 8 қатысушысы жүлделі орындарды иеленді:
I дәрежелі дипломмен:
– Алексеева Анастасия, Семей қаласы, №34 жалпы білім беретін мектептің оқушысы марапатталды.
III дәрежелі дипломдармен:
– Калиева Камила, Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың оқушысы;
– Кұмарбекова Шұғыла, Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың оқушысы;
– Безе Александр жәнеБулатов Азамат, Семей қаласы, Н. Чернышевский атындағы №1 орта мектептің оқушылары;
– Маратов Нұрсұлтан жәнеМаратов Нұрлыбек, Семей қаласы, №7 мектеп лицейдің оқушылары;
– Солтангазина Айгерим, Семей қаласы, №39 орта мектептің оқушысы марапатталды.
Біздің жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді, олардың ата-аналарын және ұстаздарын құттықтаймыз!
Елеулі жеңістер мен марапаттар тілейміз!