І. Жалпы ережелері
1. Осы Ереже оқушылардың өнертапқыштық саласындағы республикалық «Шапағат» конкурсының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастырылуын, мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібі мен қаржыландырылуын, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.
2. Конкурс ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі - Орталық) болып табылады.
3. Конкурстың басты мақсаты өнертапқыштық қызметті насихаттау және қолдау, перспективалық өнертабыстарды ілгерілетуге көмек көрсету үшін, балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуеті мен білім беру мүдделерін ынталандыруболып табылады.
4. Конкурстың басты міндеттері:
- өнертапқыштық қызметті насихаттау;
- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және өнертапқыштық саласына қызығушылық таныту;
- оқушылардың үздік жұмыстарын демонстрациялау, өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру.
2. Конкурстың қатысушылары
5. Конкурсқа жас өнертапқыштар – 14-18 жас аралығындағы оқушылар жеке, сондай-ақ, командалық құрамда қатыса алады (2 қатысушыдан аспау керек).
3. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
6. Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең – облыстық (2017 жылдың 13-19 наурызы аралығында);
- екінші (қорытынды) кезең – республикалық (сәуір, 2017 жыл).
Облыстық кезең Орталықтың Таулы Үлбідегі базасында өтеді.
7. Жобаларды қорғау «Жас дарын» номинациясында келесі бағыттар бойынша өтеді:
1) Техникалық құрастыру – көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық құралдары, еңбекті жеңілдету жабдықтарын ұсынатын құрастыру жобалар;
2)Энергетика және электротехника – ауыл шаруашылығын өнеркәсіпке енгізетін қолданыстағы құрылғылар, құрылымдар, энергияны алатын және түрлендіретін құрылғылар, электротехникалық жабдықтарды ұсынатын жобалар;
3) Энергия үнемдеу техгологиялары – энергия үнемдеу технология саласындағы оқушының өзіндік зерттеу, эксперименттік, және үдерісінде әзірлеген құрылғылар мен аспаптарды ұсынатын жобалар;
4) Робототехника, автоматика және зияткерлік жүйелер – алыс қашықтықта ақпарат алмасу мақсатындағы техникалық байланыс және ақпарат қабылдау, автоматтандырылған техникалық жүелерді өңдеу (роботтарды);
5) Авиация, ғарышкерлік және аэроғарыштық техника – авиация және ғарышкерлік дамыту саласындағы жобалары, жаңа транспорттық ғарыштық жүйелер жобалары.
8. Қатысушылар жобалар мен демонстрациялық материалдарды ұсынады және қорғайды. Жұмысты қорғауда сызбалар мен сызбанұсқалар көмегімен құрылғыны және үлгінің жұмыс істеу қағидасын түсіндіру қажет. Авторға 10 минут уақыт беріледі (қорғау – 7 минут, сұраққа жауап беру – 3 минут).
9. Конкурсқа қатысу үшін аудандық/қалалық білім бөлімі басшыларының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолымен куәландырылған өтінім беру қажет.
10. Облыстық кезеңге әрбір ауданнан/қаладан, мамандандырылған мектептен 3 үздік жұмыс ұсынылады.
11. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және қайтарылмайды.
12. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды
13..Конкурстың қорытындысы Орталықтың www.shygysdaryny.kz сайтында орналастырылады.
14. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: «Дарын» ШҚ ӨҒПО, Абай даңғ., 21. тел. 55-20-12, e-mail: vk_daryn@mail.ru
4. Конкурсқа ұсынылатын жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
15.Әрбір бағыт бойынша жұмыстар теориялық, эксперименттік, өнертапқыштық және шығармашылық түрде болуы мүмкін. Жұмыстар қазақ немесе орыс тілдерінде таныстырылады (қағаз және электронды түрде). Жұмыс көлемі 20 беттен аспауы керек. Беттердің жиектері мен нөмірлері болуы міндет.
16. Жұмысқа қойылатын талаптар:
1) жұмыс мәтіні толық компьютерде басылып шығуы (WORD; 14 шрифт; ара қашықтығы 1,5; сол жақтан 2 см шегініс) және келесілерден тұруы қажет:
- басқы бет;
- мазмұны;
- резюме (аннотация) – қазақ және орыс тілдерінде жұмыстың негізгі бөлімінің қысқаша мазмұндамасы (жұмыстың қай тілде жазылуына байланысты);
- кіріспе – жұмыстың өзектілігі және тақырыптың таңдалу негізі, оның мақсаты мен міндеттері, жұмыстың орындалған жерін көрсетеді;
- негізгі бөлім: жұмыстың материалдары; эксперименттік бөлімі; жұмыс нәтижелері және оларды талқылау.
- қорытынды (нәтижелер мен ұсыныстар);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
2) басқы бетте келесілер қөрсетіледі:
- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы;
- жұмыстың тақырыбы;
- бағыты;
- орындаушы (аты-жөні, сыныбы, мектебі, облысы, қаласы, ауданы);
- жұмыс орындалған жыл;
- жұмыстың электронды бағалау нұсқасындискіге жазып, жұмыспен қоса жіберу керек.
Баяндаманың мәтіні қысқа және келесі сызбанұсқа бойынша құрастырылуы қажет: тақырып таңдау негіздемесі; зерттеу мақсаты; зерттеу міндеттері; зерттеу болжамы, зерттеу әдістері мен құралдары; зерттеу жоспары; алынған нәтижелер; қысқаша қорытынды; бұдан әрі жұмыстың келешегі.
17. Конкурс жұмыстарынкелесі критерийлербойынша жүзеге асырылады:
- конкурстық жұмыс бағасы: өзектілік, жаңалығы, зерттеу элементі, автордың жетістіктері, зерттеу маңыздылығы, жұмыстың рәсімделуі;
- баяндама композициясы: жұмыстың әдіснамалық сипаттамаларын тұжырымдау (проблема, зерттеу нысаны мен пәні, мақсаты, болжамы, шешілетін тапсырмалар), баяндама логикасының құрылуы;
- білімпаздық: таңдалған және шектес білім салаларының негізгі ережелерін білу;
- демонстрациялар – автормен немесе авторлармен жасалған қолданыстағы модельдер, көрнекі оқу құралдары, графиктер, кестелер, фотоматериалдар және фотомонтаждар, суреттер, сызбанұсқалар, карталар және т. б.
5. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
18. Конкурстың нәтижелері көрсетілген конкурстың және оны қорғауда алынған ұпайлар санының қосындысы арқылы анықталады. Жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталады
19. Конкурстың қорытындысы бойынша үздік жұмыстар өнертапқыштық саласындағы «Шапағат» конкурсының республикалық кезеңіне жіберіледі.
6. Қаржыландыру
20. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
21.Конкурс қатысушылары мен жетекшінің жиын орнына дейінгі және қайтар жолдағы жол шығындары жіберуші жақтың есебінен.Қатысушылардың іссапар шығындары (тамақтануы, жатын орны) Орталық есебінен (жетекшілер тұрмайды).