+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Өнертапқыштық саласындағы республикалық «Шапағат» конкурсының облыстық кезеңі өткізу туралы
01 Нау, 08:47

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2017 жылдың 13-16 наурызы аралығында Таулы Үлбіде орналасқан Орталық базасында өнертапқыштық саласындағы республикалық «Шапағат» конкурсының облыстық кезеңі (бұдан әрі – Конкурс) өтетінін назарларыңызға салады.

Конкурстың мақсаты – өнертапқыштық қызметті насихаттау және қолдау, перспективалық өнертабыстарды ілгерілетуге көмек көрсету үшін, балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуеті мен білім беру мүдделерін ынталандаыруболып табылады.

Жұмысты қорғау келесі бағыттар бойынша өтеді:

- техникалық жобалау;

-  энергетика және электротехника;

- энергия үнемдеу технологиялары;

- робототехника, автоматика және зияткерлік жүйелер;

- авиация, ғарышкерлік және аэроғарыштық техника.

Конкурсқа қатысуға әр ауданнан/қаладан, облыстық мамандандырылған мектептерден 14-18 жас аралығындағы 3 оқушы (әр қатысушы жұмысты таңдалып алынған бір бағыт бойынша қорғайды) шақырылады. Конкурстың өткізілу ережелері қосымша берілді.

Оқушылардың тұратын орны мен тамақтануы Орталық есебінен. Жетекшілер қатысушыларды жиын орнына дейін және қайтар жолда ғана ертіа апарады.

Келу  күні – 16 наурыз сағ. 09.00-де, (жиын орны: Спорт сарайы, Абай даңғ., 2), қайту күні – 19 наурыз сағ. 09.00-ден бастап.

Барлық қатысушыларда өздерімен келесілер болуы керек:

1.     ғылыми-зерттеу жұмысының материалдары (өнертабыс сипаттамасы, есептеулер, графиктер, диаграммалар, фоо және бейнематериалдар, макеттер, модельдер, тарату материалдары және т.б.);

2.     жеке бас құжатының/туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3.     эпид. орта туралы анықтама;

4.     күнделікті және салтанатты киім.

Төменде көрсетілген үлгі бойынша өтінімді 2017 жылдың 9 наурызына дейін  vk_daryn@mail.ru электронды поштасына немесе 8/7232/552012 тел/факсіне жіберу қажет.

Тапсырыс үлгісі:

Автордың(лар) аты-жөні

Мектебі

Сыныбы (жасы)

Оқитын тілі

Жұмыстың тақырыбы

Бағыты

Мұғалімнің аты-жөні