Ақпанның 20-25 күндері аралығында «Дарын» базасында жас химиктер мен биологтарға арналған «Ғылым және жаңалықтар әлемі» бейінедік ауысымы өтті.
Ауысымның мақсаты – оқушылардың биология мен химияға қызығушылықтарын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін іске асыруға жағдай жасау.
Ауысымға оқушылар – химия және биология пәндерінен олимпиадалық резерв мүшелері, сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Сабақтар облысымыздың үздік жоғарғы оқу орындарының және мектептерінің оқытушыларымен және педагогтарымен өткізілді. Ауысым кезінде химия және биология пәнін тереңдетіп оқу мақсатында теориялық және тәжірибелік сабақтар жүргізілді.
Ауысым қатысушылар үшін өте танымды болды. Ауысым барысында зияткерлік ойындар мен байқаулар, тренингтер, сонымен қатар, таза ауада белсенді демалыс өткізілді. Ауысым қатысушылары қызықты және жарқын эмоциялар алды.
Ауысымның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Ең белсенді қатысушылар «Жас химик», «Жас биолог», «Ең белсенді» номинациясында марапатталды.
Ауысымның басты сыйлығы Жаздық Академияға жолдама болды, оны облыстық олимпиадалар мен байқаулардың келесі жүлдегерлері иеленді:
- Даулетқызы Мадияр – Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернаттың 9 сынып оқушысы (химия);
- Жакупов Олжас – дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 9 сынып оқушысы (биология).
Ауысым қатысушыларына табыстар мен жеңістер тілейміз!