Таулы Үлбіде орналасқан «Дарын» базасында 13-18 ақпан күндері жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары үшін оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Жиынның мақсаты дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, зияткерлік қабілеттері мен дағдыларын дамыту, аналитикалық және сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру болып табылады.
Оқушылармен алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен облыс мектептерінің оқытушылары жұмыс жасады.
Жиынның бағдарламасына келесілер кірді:
- пәнді тереңдете оқыту шеңберінде оқу сабақтары (дәрістер, тәжірибелер, зертханалық жұмыстар, білім беру квестері, шығармашылық сынақтар, шағын зерттеу жобалары);
- дамыту сабақтары (шеберлік кластары, психологиялық тренинг);
- кешкі сауықтыру бағдарламалары.
Барлық қатысушыларға республикалық олимпиадада табыстар мен жеңістер тілейміз!
Желаем участникам успехов и побед на республиканской олимпиаде!

