Шығыс Қазақстан облысының командасы 2017 жылдың 14-17 ақпаны аралығында Павлодар қаласында инновациялық технологиялар саласында дарынды тұлғаны дамытуға арналған аймақтық ынтымақтастық туралы Меморандум аясында өткен жас математиктер турниріне қатысты.
Турнирдің мақсаты - оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік сайыстарға дайындау,олардың математика пәніне деген танымдық қызығушылығын ынталандыру, математикалық ауызша сөйлеуін, сыни тұрғыдан ойлау мен ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Жас математиктер турнирі дарынды балаларға арналған мамандандырылған ұйымдардың 7-8 сынып оқушыларының командалық сайысынан тұрды.
Турнир екі кезеңде өтті:
Лигалар бойынша командаларды бөлу мақсатында бірінші кезең жазбаша түрде болды.
Екінші кезең 3 айналымнан тұрды. Түске дейін – математикалық жарыстың есептерін шығару, түстен кейін – математикалық жарыс өтті.
Турнирдің негізгі бөлігі математикалық жарыстан тұрды, онда командалар шешімдері күрделі және мәселелі есептерді шешудің өз дәлелдемелерін келтірді.
Біздің команда үшін турнир келесі номинацияларда грамоталармен марапаттаумен аяқталды:
«Ең үздік даттаушы» - Советказин Алишер - Өскемен қаласындағы Қазақ-түрік лицейінің 8 сынып оқушысы;
«Ең үздік топ жетекшісі» - Созаева Симона - Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы.
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің «Поколение-Z» командасы марапатталды.
Қатысушыларды тұңғыш марапаттауларымен құттықтаймыз!
Сәттілік пен жеңістер тілейміз!