+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы командасының жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысу қорытындысы
20 Ақп, 09:02

2017 жылдың 12-17 ақпанында Алматы қаласындағы "Алатау" сауықтыру базасында жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар сайысы өтті.

Шараның мақсаты шығармашылық қабілеттерді айқындау және жетілдіру, ғылыми қызметті қолдауға қажетті жағдай жасау, оқушылар тұлғасын айқындайтын әлеуметтік маңыздылығы бар қасиеттерді қалыптастыру.

Шығыс Қазақстан облысынан 8-11 сыныптарда оқитын 51 оқушы (42 жоба) қатысты.

Айтулы да мен толқулы кез, ол байқаудың қорытындысын жариялау сәті болды.

Жарыстың қорытындысы бойынша ШҚО командасы жалпыкомандалық бірінші орын және «Үздік команда» номинациясында дипломмен марапатталды.

Шығыс қазақстан облысының 30 оқушысы жүлделі орынға ие болды.

I дәрежелі дипломмен:

- Қаныбеков Рустем - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» АЕМЛИ 11 сынып оқушысы (физика);

- Қадау Ардақ - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» АЕМЛИ 11 сынып оқушысы (физика);

- Иващенко Родион – Өскемен қаласындағы №38 мектеп-гимназияның  11 сынып оқушысы (биология);

- Мұхан Айжан – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқущысы (химия) марапатталды.

IІ дәрежелі дипломмен:

- Калиева Аружан - Семей қаласындағыШәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы (Жер және Ғарыш туралы ғылым);

- Дюсюпова Сабина - Семей қаласындағы №19 орта мектептің 10 сынып оқушысы (қоршаған ортаны қорғау);

- Есіркегенова Дана - Тарбағатай ауданындағы К. Ақынов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (экономика);

- Саурбек Ләззат – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы (математика);

- Маткаримова Мидель – Өскемен қаласындағы«Нұрорда» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы (қолданбалы математика);

- Рахимбердинова Сания - Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы (математика);

- Айшабекова Динара – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы (биология);

- Қунапьянова Аружан – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 10 сынып оқушысы (тіл білімі);

- Канапиянова Наргиз - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 10 сынып оқушысы (тіл білімі) марапатталды.

IІІ дәрежелі дипломмен:

- Мануйлов Данил - Зырян ауданындағы мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы (әдебиет);

- Қадылова Айгерім - Катон-Қарағай ауданындағы Рыков атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (тіл білімі);

- Қонырова Наргиз - Семей қаласындағы №37 гимназияның 11 сынып оқушысы (биология);

- Мұратова Меруерт - Семей қаласындағы №17 мамандандырылған орта мектептің 11 сынып оқушысы (қоршаған ортаны қорғау);

- Есеналиева Аружан - Семей қаласындағы №37 гимназияның 11 сынып оқушысы (өлкетану);

- Абдрахманова Дильназ– Өскемен қаласындағы А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің 10 сынып оқушысы (әдебиет);

- Жунусова Айгерим – Өскемен қаласындағы №35 орта мектептің 10 сынып оқушысы (физика);

- Ильясова Ажар - Өскемен қаласындағы №35 орта мектептің 10 сынып оқушысы (физика);

- Сайлау Ибраһим - Семей қаласындағы №37 гимназияның 10 сынып оқушысы (тарих);

- Абулгазинов Арсен - Семей қаласындағы экономикалық лицейдің 10 сынып оқушысы (құқық);

- Рудковский Данила - Семей қаласындағы экономикалық лицейдің 10 сынып оқушысы (құқық);

- Котова Екатерина - Өскемен қаласындағы №38 мектеп-гимназияның  10 сынып оқушысы (математика);

- Сидоров Даниил - Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы (математика);

- Мақбозұлы Қалымжан - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың                  9 сынып оқушысы учащийся (әдебиет);

- Самарханова Диана - Өскемен қаласындағы №38 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы (тарих);

- Бостекбаева Қаламқас - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (этномәдениеттану);

- Ролланұлы Расул - Абай ауданындағы Абай атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы (математика) марапатталды.

Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының мақтау қағаздарымен келесі оқушылар марапатталды:

- Келенцева Ксения - Семей қаласындағы Н.Г. Чернышевский атындағ №1 мамандандырылған мектеп-интернаттың 9 сынып оқушысы (химия);

- Коркина Валерия - Семей қаласындағы Н.Г. Чернышевский атындағы №1 мамандандырылған мектеп-интернаттың 9 сынып оқушысы (химия);

Республикалық конкурсқа қатысушыларға қызықты мәдени танымдық ойын-сауық бағдарламалар: әскери институтты аралау, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын шын жүректен зор жетістіктерімен құттықтаймыз!

Барлық қатысушыларға сәттілік, шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!