2011 жылдың 14-15 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы дарынды балалармен жұмыстың озық педагогикалық тәжірибесін зерделеп, қорытып, тарату мақсатымен Күршім ауданында «Аудандық білім мекемелері жағдайында оқушылардың дарындылығын айқындап, дамыту бойынша психологиялық-педагогикалық қызметті ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Облыстық семинарға Өскемен, Семей, Курчатов, Риддер, Аягөз, Глубокое, Үржар, Жарма, Абай, Зайсан, Күршім, Катонқарағай, Ұлан (қалалық) аудандық білім бөлімдерінен («Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп») әдіскерлер, жалпы білім беретін мектептердің директорлары, директорлардың орынбасарлары, мұғалімдер, барлығы 30 білім қызметкерлері қатысты.
Семинар бағдарламасына сәйкес қатысушылар №3 мектеп-гимназияның мерекелік концертін тамашалады.. Қ.Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназияда қатысушылардың дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі жиналған тәжірибелерін бөлісумен қатар әртүрлі интеллектуалдық жарыстар жеңімпаздарының республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалардың қысқаша баяндамалары тыңдалды. Семинардың қорытындысын талқылау кезінде қатысушылар шараның өзектілігін, мазмұндылығын, жақсы деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Осы бағыттағы семинарлар болашақта да жүйелі түрде өткізіліп тұрсын деген тілектерін ұйымдастырушыларға жеткізді. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.