2011 жылдың 18 мамыр күні Семей қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы және Семей қалалық мәдениет Сарайының «Халықтық» ақындар орталығымен бірлесе оқушыларды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, олардың шығармашылығын дамытып, поэзияға деген құштарлығын арттыру, дарынды оқушыларды қолдау, Отан сүйгіштікке мақсатында Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналған «Шығыс шамшырақтары» атты XV облыстық оқушылар айтысын өткізді.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен облыстық айтысқа қатысуға Өскемен, Семей, Курчатов қалаларынан, Аягөз, Тарбағатай, Ұлан, Көкпекті, Абай, Зайсан, Үржар, Бородулиха, Бесқарағай аудандарынан және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатынан, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мектеп-лицей-интернатынан ережеге сәйкес 9-11 сынып оқушыларынан 16 дарынды жас ақын қатысты.
Жас ақындардың өнерін Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің және Семей педагогикалық институттың доценттері, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының және Семей қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, «Ұстаз» газетінің тілшісі және Семей мәдениет сарайының көркемдік жетекшісінен құралған қазылар алқасы бағалады.
Ең жоғары ұпай көрсетіп, бас жүлдені иеленген Семей қаласының №47 орта мектебінің оқушысы Нұрланқызы Талшынға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атынан Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің білім гранты берілді, Өскемен қаласындағы Қазақстан - Американ Еркін Университетінің білім гранты Зайсан ауданы Тасбастау орта мектебінің оқушысы Баяхметов Елнарға, Семей педагогикалық институтының білім гранты Үржар ауданының Абай атындағы орта мектебінің оқушысы Бектібаев Нұрланға, «Қайнар» университетінің білім гранты Бородулиха ауданының М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Сатыбалдин Манарбекке табыс етілді.
Облыстық ақындар айтысының жүлдегерлері
|
№ |
Оқушының аты-жөні |
Қала\ауданы |
Мектебі |
Білім гранты,орны |
|
1 |
Нұрланқызы Талшын |
Семей |
№ 47 ОМ |
Шәкәрім ат. Мемлекеттік университеті |
|
2 |
Бектібаев Нұрлан |
Үржар |
Абай ат.ОМ |
СМПИ |
|
3 |
Баяхметов Елнар |
Зайсан |
Тасбастау ОМ |
ҚАЕУ |
|
4 |
Сатыбалдин Манарбек |
Бородулиха |
М.Әуезов ат.ОМ |
«Қайнар» институты |
|
5 |
Еркін Қуаныш |
Өскемен |
ДБА Жамбыл ат. ОММГИ |
1 |
|
6 |
Қымбатов Әлібек |
Семей |
ДБА «Жас Ұлан» ОММЛИ |
2 |
|
7 |
Нұржанов Қуаныш |
Тарбағатай |
Өкпеті ОМ |
3 |
Жүлделі орын алған оқушылар грамоталармен, сыйлықтармен марапатталды, қалған қатысушылардың барлығына ынталандыру сыйлығы және сертификаттар табыс етілді.