2011 жылы 17-18 мамыр күндері Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен облыстан Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының 10-сынып оқушысы Есімханова Айым Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров кентінде өткен республикалық І.Жансүгіров оқуларына қатысып келді.
Шараның мақсаты – І.Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық дағдыларын, табиғи дарындарын анықтау, поэзияға деген құштарлықтарын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
Республикалық оқулардың қорытындысы бойынша 25 үміткердің ішінен Есімханова Айым II дәрежелі дипломмен марапатталып, ақшалай сыйлық алды.