+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жас ғалымдардың лайықты марапаты
10 Ақп, 09:53

Біздің облысымыздың жас зерттеушілері 2017 жылдың 3-8 ақпаны аралығында Тэджон қаласында (Оңтүстік Корея) WOOSONG Халықаралық университетінің және SolBridge International School of Business базасында өткізілген «Жас ғалым» халықаралық ғылыми байқауына қатысты.

Байқаудың басты мақсаты – ізденіс-зерттеу ісіне қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтау және қолдау, оқушылардың үздік жетістіктерін насихаттау, Кореяның үздік жоғарғы оқу орындарымен шығармашылық қатынасты дамыту.  

Қорғалған авторлық жобалардың нәтижесі бойынша біздің облысымыздың барлық команда мүшелері жүлдегер атанды.

ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1. Маткаримова Мидель – «Нұрорда» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;

2. Ролланулы Расул – Абай ауданы, Абай атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы;

3. Ильясова Ажар – Өскемен қаласы, №35 орта мектептің 10 сынып оқушысы;

4. Шарипбаев Думан – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы.

Байқау қатысушыларына мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды: ETRI электроника және телекоммуникация ғылыми-зерттеу институтына, Сеулдың көрікті жерлеріне, ғылыми тарихи мұражайларға, Император сарайына саяхат.

Барлық қатысушыларды, олардың ата-аналары мен жетекшілерін құттықтаймыз!

Табыс пен жеңістер тілейміз!