+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Болашақ энергиясы» тақырыбында «Балалар бастауы – 2017» балалар қоғамдық бастамаларының байқауын өткізу туралы
10 Ақп, 08:32

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Болашақ энергиясы» тақырыбында «Балалар бастауы – 2017» балалар қоғамдық бастамаларының байқауын (әрі қарай – Байқау) өткізетіндігін назарларыңызға салады.

Байқаудың мақсаттары – балалар бойында белсенді азаматтық позицияны тәрбиелеу, өмірлік бағытты дұрыс таңдау дағдыларына баулу, балалар бастамасын жүзеге асыратын алаң құру.

Байқау екі кезеңде өтеді:

1 кезең – қалалық (аудандық) – 2017 жылы наурыздың І онкүндігінде өтеді.

2 кезең – облыстық – 2017 жылы сәуірдің ІІ онкүндігінде өтеді.

Байқауға 11 жастан 18 жасқа дейінгі жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің оқушылары, сонымен қатар, интернат мекемесінің оқушылары, балалар үйінің тәрбиеленушілері және мүмкіндігі шектеулі балалар қатысады.

1 кезеңді өткізу қорытындыларын және облыстық кезеңге қатысуға өтінімдерді 2017 жылдың 20 наурызына дейін vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.   

Байқауға қатысуға байланысты барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7232) 700-244, 742-266.