2011 жылы 11 - 16 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының 8 оқушысы Павлодар облысының Баянаул ауылында өткен жаратылыстану ғылымдары бойынша Қ.И.Сәтбаев атындағы аймақтық олимпиадаға қатысып қайтты.
Олимпиада Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жыл толуына орай, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың ғылым саласындағы білімдерін жалғастыруға бағыттау және негізгі ғылымдар саласында оқушылардың шығармашылық қызығушылықтарын дамыту мақсатында өткізілді.
Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 2 команда қатысты:
I команда – облыстық дарынды балаларға арналған арнайы мектеп оқушыларынан тұратын құрама команда болды (квота бойынша 4 бала):
1. Өскемен қалалық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектебінің 8-сынып оқушысы Набережный Никита;
2. Өскемен қаласындағы қазақ – түрік лицейінің 8-сынып оқушысы Сұлтанғазиев Әлішер;
3. Семей қаласындағы қазақ – түрік лицейінің 8-сынып оқушысы Темірханов Азамат;
4. Өскемен қаласындағы қазақ – түрік лицейінің 8-сынып оқушысы Болатхан Жұрағат.
II команда Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларынан тұрды:
1. 8-сынып оқушысы - Ниғметова Шырын;
2. 8-сынып оқушысы – Мамышев Мақсат;
3. 7-сынып оқушысы – Алтайханова Әйгерім;
4. 8-сынып оқушысы – Жексенова Жанар.
Олимпиада қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жүлдегер атанды:
І дәрежелі дипломмен және «Олимпиаданың абсолюттік жеңімпазы» атағына - Өскемен қаласындағы қазақ – түрік лицейінің 8-сынып оқушысы Болатхан Жұрағат ие болды (физика). Сол сияқты ол кешенді олимпиадада ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (математика, физика, химия, биология).
ІІI дәрежелі дипломмен Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы – Жексенова Жанар марапатталды (биология).
Жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Болатхан Жұрағат Республикалық олимпиадалық резервтегі мектептің оқушысы ретінде тіркелді, оған Павлодар облысындағы «Жалын» жазғы лагеріне жолдама берілді.
Жексенова Жанар Республикалық олимпиадалық резервтегі мектептің оқушысы ретінде тіркелді, оған Москва қаласына «Химия» пәні бойынша оқуға сертификат берілді.
Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Олимпиадаға қатысушылар үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражайға және Баянаул ұлттық паркіне саяхат ұйымдастырылды.