Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылдың 3 наурызында жалпы білім беретін мектептердің 2-11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен облыстық зияткерлік «LEADER» конкурсын өткізеді.
Конкурстың мақсаты – дарынды балаларды айқындау, дамыту, қолдау; оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру; оқушылар арасында зияткерлік ойындар, конкурстар, жарыстар, олимпиадаларды түсіндіріп тарату, табысқа жетуге ынталандыру.
Конкурсқа қатысу ерікті түрде, ақылы. 350 теңге көлеміндегі төлемақы төменде көрсетілген банк есепшотына аударылады:
«Дарын» ШҚ ӨҒПО КМҚК СТН 181600062103 БИК KZKОKZКХ е/шот КZ77926100119W655004 «Казкоммерцбанк» АҚ филиалы БИН 990840001922, КБЕ 16 Төлемнің тағайындалуы: «Leader» үшін ұйымдастыру жарнасы.Қалалық/аудандық білім бөлімдерінің, облыстық мамандандырылған мектептердің үйлестірушілері конкурсқа қатысушылардың тапсырысы мен ақша төленген түбіртектің көшірмесін (әр ауданнан, қаладан жалпы 1 түбіртек болуы шарт) 2017 жылдың 24 ақпанына дейін Өскемен қаласы,Абай даңғ., 21 мекен-жайына, 8/7232/ 552-012 тел/факсына немесе vk_daryn@mail.ru. электронды поштасына төмендегі үлгі бойынша жіберу қажет:
|
№ |
Аудан, қала |
Мектеп |
Сыныптар бойынша қатысушылар саны |
Жиыны |
|||||||||
|
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Конкурс өткізілгеннен кейін, конкурстық жұмыстарды тапсыру кезінде үйлестіруші ойынға қатысушылардың тізімін электронды нұсқада EXCEL форматында төмендегі үлгі бойынша жіберуі қажет:
|
№ |
Қатысушының аты, тегі (толығымен) |
Сыныбы |
Мектебі |
Қала\аудан |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Конкурсты өткізу бойынша материалдар мен нұсқаулықтар тапсырылған өтінімге және ақыны төлеу туралы түбіртекке сәйкес 2017 жылдың 2 наурызында сағат 14.00-ден кейін конкурстың үйлестірушісіне Өскемен қаласы, Абай даңғ., 21 мекен-жайында (жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма: сағ. 9.00-18.00, түскі ас сағ. 13.00-14.00, демалыс күндері: сенбі-жексенбі) беріледі.