І. Жалпы ережелер
1.1. «Балалар бастауы – 2017» республикалық қоғамдық жобалар байқауының облыстық кезеңін (әрі қарай – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі облыстың 11-18 жастағы жалпы білім беретін және мамандандырылған мектеп оқушылары, сонымен қатар, интернат мекемесінің оқушылары, балалар үйінің тәрбиеленушілері және мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
1.2. Байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері: балалар бойында белсенді азаматтық позицияны тәрбиелеу; өз қаласының, ауылының өміріне қатысу құқығымен қамтамасыз ету; өмірлік дұрыс таңдау дағдыларына баулу; балалар бастамасын жүзеге асыратын алаң құру.
1.3. Байқау Шығыс Қазақстан білім басқармасы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен (әрі қарай – Орталық) өткізіледі.
1.4. Байқауды дайындау және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мен жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитетінің құрамы (әрі қарай – ұйымдастыру комитеті) бекітіледі.
2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті
2.1. Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастыру комитеті:
1) берілген Ережеге сәйкес Байқаудың өтуін қадағалайды;
2) Байқауға басшылық жасайды;
3) Байқаудың қазылар алқасының құрамы және саны бойынша ұсыныс жасайды;
4) Байқау қорытындысын талдайды және жалпыландырады.
2.2. Байқаудың облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамына төраға мен қазылар алқасының мүшелері кіреді.
2.3. Қазылар алқасының құрамына жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, жоғары санатты әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер мен білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпаздары кіруі мүмкін. Олимпиаданың аймақтық кезеңіне оқушылары қатысатын мұғалімдер қазылар алқасына енгізілмейді.
2.4. Байқаудың қазылар алқасы:
1) Байқаудың облыстық кезеңнің жұмыстарын бағалау критериін бекітеді, жұмыстарды бағалайды;
2) қатысушылардың жұмысын бағалауда даулы мәселелерді талқылайды, қажет болған жағдайда сәйкес түзетулер енгізеді;
3) жеңімпаздарды анықтайды және олардың тізімін бекітуге ұсынады;
4) республикалық байқаулардың қатысушыларының құрамын облыстық ұйымдастыру комитетімен бірлесе анықтайды.
3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1. Байқау орта және жалпы орта білім бағдарламалары бойынша, тиісті білім басқармасы мекемелерімен төрт кезеңде өтеді:
I кезең– мектепшілік, білім беру мекемелерінде;
II кезең – қалалық (аудандық);
III кезең – облыстық;
IV кезең – республикалық (қорытынды).
3.2. Байқау келесі секциялар бойынша өткізіледі:
- «Өткенге естелік – болашаққа жол» (өзінің кіші Отанының тарихын зерттеу және сақтау туралы жобалар)
- «Мерт болғандардың есіміне естелік үшін, тірілердің ар-ожданы үшін» (мерт болған жерлестерді мәңгі есте қалдыру туралы жобалар)
- «Табиғатты сақтай отырып, Отанымызды сақтаймыз» (экология және кіші Отанды сақтауға байланысты мәселелерді шешу туралы жобалар)
- «Мәңгілікке есімізде» (түрлі тақырыптағы кітаптар, брошюралар, жинақтар және журналдар жасау туралы жобалар)
- «Алға қадам» (жастарға өз қызығушылықтарын жүзеге асыруға көмекке, ерекше қорғауды қажет ететін адамдарға қамқорлыққа бағытталған жобалар )
- «Өз Отанымызды қалаймыз – Қазақстанды қалаймыз» (туған өлкенің мектептері жанындағы аумақтарды және көшелерді, сынып бөлмелерін, сауықтыру орталықтарын абаттандыру туралы жобалар)
- «Жастар және азаматтық бастамалар» (балалардың өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыру, адамдар арасында және қоғамда толеранттылықты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік тілге қормқорлық, жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру туралы жобалар және т.б.)
3.3. Байқаудың облыстық кезеңіне 11-18 жастағы жалпы білім беретін және мамандандырылған мектеп оқушылары, сонымен қатар, интернаттың мекемелердің оқушылары, балалар үйінің тәрбиеленушілері және мүмкіндігі шектеулі балалар қатысады.
3.4. Жобалар қағаз және электронды түрде (флеш-картада немесе CD дискте) қабылданады.
3.5. Байқау жобаларына қойылатын талаптар:
- жобаның көлемі А4 форматта 10 беттен кем және 20 беттен артық болмауы керек;
- Times New Roman шрифты, 14 кегль, бір жоларалық интервал.
3.6. Жобалық жұмыстар жеке немесе топпен (2 қатысушыдан кем емес) орындалуы мүмкін.
3.7. Жеке жобаны таныстыруға және қорғауға 5-7 минут, ал топтық жобаға 7-10 минут беріледі. Байқау жұмыстарын қорғауды Power Point-ғы слайдтық презентациямен немесе бейнебаянмен жүзеге асыруға болады.
3.8. Байқау жұмысының алғашқы бетінде жоба атауы, автордың немесе авторлардың аты-жөні, жасы, жобаның жетекшісі және қала (аудан) атауы орналасады.
3.9. Байқау жұмыстарын бағалаудың негізгі критерийлері:
- қойылған мәселенің өзектілігі және маңыздылығы;
- мәселенің әлеуметтік маңыздылығы;
- жобаны орындаудағы дербестік;
- шынайылық, үнемділік;
- практикалық нәтижелері.
3.10. Байқаудың Республикалық кезеңіне нәтижеге сәйкес облыстық кезеңнің жеңімпаздары, облыстан 3 қатысушыдан артық емес қатысады.
3.11. Байқау қатысушыларының команда жетекшісі Байқауға келу жолда, Байқау өту кезінде және тұрғылықты жерге қайтар жолда оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
4. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау
4.1. Байқаудың облыстық кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Жүлдегерлер дипломдармен, грамоталармен марапатталады.
5. Қаржыландыру
5.1. Байқауды қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес Орталықпен жүзеге асырылады.
5.2. Байқауға қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен жүзеге асырылады.