+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Экономикадан облыстық турнир қорытындысы
07 Ақп, 13:35

2017 жылы 3 ақпанда Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің филиалында жыл сайынғы экономикадан республикалық турнирдің облыстық кезеңі өтті.

Турнир қатысушылары – облыс қалаларының (аудандарының) және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары.

Турнирдің мақсаты – экономика негіздерін меңгеруге қызығушылық танытатын қабілетті оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту, оқушылар арасында экономикалық білімді насихаттау, экономика саласында дарынды оқушыларды бейіналды даярлау.

Жас экономисттердің жұмыстары құрамына облыстың үздік жоғарғы оқу орындарының ғалымдары енген әділқазылар алқасымен бағаланды.

Турнирдің нәтижесі бойынша 23 қатысушы жүлдегер атанды:

I дәрежелі дипломмен марапатталды:

1) Батиханова Мөлдір – Глубокое ауданы, О. Бөкей атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы;

2) Мадетханов Ерасыл – Жарма ауданы, №236 орта мектептің 10 сынып оқушысы;

3) Сыдыкова Арай – Семей қаласы, экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы;

4) Медведева Александра – Өскемен қаласы, «Бриг» жеке меншік мектебінің 11 сынып оқушысы.

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды:

1) Казаков Станислав – Өскемен қаласы, №2 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы;

2) Адал Айбота – Зайсан ауданы, Х. Мұстафина атындағы 10 сынып оқушысы;

3) Пименов Данил – Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы;

4) Амандықұлы Бекзат – Ұлан ауданы, Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы;

5) Мұратова Мөлдір – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 10 сынып оқушысы;

6) Орынтаев Ерлан – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 10 сынып оқушысы;

7) Бидірахымова Аяулы – Зайсан ауданы, Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы;

8) СадвакасоваАйгерим – Семей қаласы, экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы;

9) Меримбаева Тахмина – Катонқарағай ауданы, ауылдық лицейдің 11 сынып оқушысы;

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды:

1)Абекова Аяжан – Семей қаласы, экономикалық лицейдің 10 сынып оқушысы;

2) Аманбекова Баянды – Семей қаласы, экономикалық лицейдің 10 сынып оқушысы;

3) Аширов Ерасыл – Үржар ауданы, Б. Момышұлы атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы;

4) Елюбаев Даулет – Үржар ауданы, Б. Момышұлы атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы;

5) Казанцева Наталья – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының 10 сынып оқушысы;

6) Кыдырханқызы Айдана – Зайсан ауданы, М. Ломоносов атындағы орта мектептің         11 сынып оқушысы;

7) Труфанов Никита – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының 11 сынып оқушысы;

8) Федерова Елизавета – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының 11 сынып оқушысы;

9) Закерова Айымгүл – Өскемен қаласы, Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы;

10) Малгаждаров Темірлан – Өскемен қаласы, Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы.

Турнирдің облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар 2017 жылы наурызда Алматы қаласында өтетін экономикадан республикалық турнирге қатысады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, алда сәттіліктер тілейміз!