+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Бәрін білгім келеді!» жас білгірлер эстафетасы
24 Қаң, 13:15

2017 жылы 17-21 қаңтар аралығында «Дарын» базасында 14 ауданнан келген командалар «Бәрін білгім келеді!» жас білгірлер эстафетасында нақты ғылымдар, логика, спорт және өнер салалары бойынша өз білімдерін көрсетті.

Эстафета тек білімді тексеруге емес, төзімділік пен ептілікті сынға алатын сегіз айналымнан тұрды.

Физикадан пікірталас-білгірлері аса құштарлықпен талқылауға қатысып, «Үйкеліс күші: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында өз көзқарастарын дәлелдеді.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, Ерболатұлы Досым, қатысушылар жасының кіші болғанына қарамастан, әрқайсысында болашақ дипломаттар мен ғалымдардың әлеуеті бар екендігін атап көрсетті. Ол физиканың негіздері мен жобаларды қорғау әдіснамасы бойынша ғылыми-танымдық шеберлік класс өткізді.

Географиядан пікірталас кезінде қатысушылар кімнің үлесі Жердің географиялық білімін тануда елеулі болғанын талқылады. Балалардың көбі Х. Колумбтың жетістіктерін қолдады, себебі оларсыз географияның өзі болмаушы деп есептейді оқушылар. 

Балалар эстафетаның қорытынды айналымын аса тағатсыздана күтті. Қатысушылардың дайындаған нөмірлері музыкадан бастап, бейнелеу өнеріне дейін өнердің барлық саласын қамтыды.

Қатысушылардың шығармашылығына тәнті болған қазылар алқасына үздіктерден үздікті таңдау оңай болған жоқ. Көрсетілген әрбір нөмір назар аударарлық және жоғары бағаға лайықты болды.

Шараның талантты және ең белсенді қатысушылары «Ең тапқыр», «Жас Архимед», «География білгірі», «Жоғары көркемдік шеберлік» және т.б. жеке номинациялармен марапатталды.

Командалық номинациялар ең шығармашыл және креативті командаларға берілді. «Ең эрудитті» номинациясымен Глубокое ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің және Шемонаиха ауданының құрама командалары марапатталды.  «Ең шығармашыл» номинациясымен Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді мектеп-гимназияның командасы марапатталды. Өскемен қаласы,     З. Ахметов атындағы №16 орта мектептің командасы «Ең шымыр» номинациясында марапатталды.

Эстафета қорытындысы бойынша командалар төмендегідей нәтижелер көрсетті:

- І дәрежелі дипломмен және жеңімпаз кубогымен Зайсан ауданы, Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейкомандасы марапатталды.

- ІІ дәрежелі дипломмен және кубокпен ДБА ОММФИМЛ және Аягөз ауданы, Д. Бабатайұлы атындағы орта мектептің командалары марапатталды.

- ІІІ дәрежелі дипломмен және кубокпен Аягөз ауданы, №6 жалпы білім беретін мектеп-интернаттың және Күршім ауданы, №3 гимназияның командалары марапатталды.

Эстафетаның барлық қатысушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!

Табыс пен шағармашылық жетістіктер тілейміз!