+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
ШҚО оқушыларының Жәутіков атындағы Халықаралық олимпиадаға қатысу қорытындысы
24 Қаң, 13:11

Тынымсыз жұмыс, жеңіске деген ерік, жоғары дәлелді ақыл мен ұстаздардың, ата-аналардың қолдауы 2017 жылдың 12-19 қаңтары аралығында Алматы қаласында өткен Халықаралық Жәутіков ат. олимпиадасында алтын, күміс медальдарға әкелді.

Олимпиадаға Ресей, Грузия, Белоруссия, Болгария, Сербия, Чехия, Румыния, Монғолия, Өзбекстан, Түркменстан, Әзербайжан секілді 15 мемлекеттен жиыны 400-ден аса оқушы қатысты. 

Бүкіл әлемді қамтыған олимпиада жыл сайын оқушылар арасында      физика-математика ғылымдарына қызығушылықты насихаттайды, халықаралық ынтымақтастықты дамытады, әр елдердегі мамандандырылған мектептер арасында өзара достық қарым-қатынас орнатады.  

Математика, физика, информатикапәндері бойынша олимпиада екі кезеңде, қызу тартыста өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Семей қаласындағы Қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Айтказинов Шыңғыс жоғары жетістіктерге жетіп,    І дәрежелі диплом және алтын медаль иегері атанды.

ІІ дәрежелі диплом және күміс медальді Семей қаласындағы Қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысыУвалиев Әділет иеленді.

Олимпиада қатысушыларына мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылып, Ә. Қастеев атындағы мұражайға, Медеу мұз айдынына саяхат жасалды және әртүрлі спорттық ойындар өткізілді.

Оқушыларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Біз сендерді мақтан тұтамыз!