+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
07 Қаң, 13:23

Ғылым мен білім – бұл елімізге бедел мен әлемдік танымалдылық беретін күш.  Бұл күштің иесі – мемлекеттің болашағы мен мәдени құндылықтарын қалыптастыратын жастар. Бұның бәрі инновациялық әлеует, әлемдік интеграциялық үдерістердің маңызды құрамдас бөлігі. Яғни, біздің еліміздің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Әлемдік ғалымдар мен саясаткерлердің бұл сөздерінде бүгінгі таңға дейін шындықтың астары бар. 

Республикалық пәндік олимпиада 2016 жылдың қазанында облыстың 586 мектебінде басталып, қалалық/аудандық кезеңге жолдама алатын 11041 мектепшілік кезеңнің жеңімпаздарын анықтады.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаз оқушылары қатысты.

2017 жылдың 5-6 қаңтары аралығында бүкіл облыстан жиналған 730 қатысушы Өскемен қаласында кездесіп, өз білімдерін 15 пәннен сынады. 

Олимпиаданың мақсаты – шығармашылық қабілеттерді дамыту, оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, дарынды балаларды анықтауға қолайлы жағдай жасау, республикалық және халықаралық олимпиадаларға оқушыларды іріктеп дайындау.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатта екі күн қатарынан облысымыздың жас білімпаздары жоғары деңгейлі тапсырмалардың шығару жолдарын тапты, ал жас Энштейндер мен Менделеевтер университет зертханасында тәжірибелік және эксперименттік жұмыстар жүргізді.  

Қатысушылардың жұмыстарын құрамына өңірдің алдыңғы қатарлы ЖОО ғалымдары енген әділқазылар алқасы бағалады.

Екі айналымның нәтижесі бойынша 305 қатысушы жүлдегер атанды: І дәрежелі дипломмен – 68, ІІ дәрежелі дипломмен – 78, ІІІ дәрежелі дипломмен – 159 оқушы марапатталды.

Олимпиадаға барлығы 4 қаладан, 15 ауданнан және 7 мамандандырылған білім мекемесінен 28 мектеп командасы қатысты. Қатысушылар саны ең көп командалар Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейі (42 оқушы) мен Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінен (42 оқушы) ұсынылды, аудандар арасында көш бастаған Зайсан (31 оқушы) және Жарма (31 оқушы)  аудандары .

Олимпиаданың көптен күткен аяқталу сәті қарсаңында, облысымыздың қалалық және аудандық командалары дипломдармен марапатталып, номинациялармен белгіленді. 

«Үздік Олимпиадалық команда - 2017»номинациасында І дәрежелі дипломмен және жеңімпаз кубогымен марапатталды:

- Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің командасы;

- Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің командасы.

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды:

- Өскемен қаласының командасы;

- Семей қаласының командасы.

- Күршім ауданының командасы.

«Үздік ауылдық мектеп – 2017» номинациясында марапатталды:

– Зайсан ауданы, М.В. Ломоносов атындағы орта мектебі

- Зайсан ауданы, Х. Мустафин атындағы орта мектебі.    

«Үздік қалалық мектеп – 2017» номинациясында – Өскемен қаласы, № 10 мектеп гимназия мен Семей қаласы, № 6 гимназия марапатталды.

«Үздік ауылдық оқушы – 2017» номинациясында – Глубокое ауданы, Уваров орта мектебінің 10 сынып оқушысы Коровина Юлия (қазақ тілінде білім беретін мектептердегі орыс тілі) марапатталды.

«Үздік оқушы – 2017» номинациясында– Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Абзалбекова Алмира марапатталды (қазақ тілі мен әдебиеті).

«Олимпиаданың жаңа жұлдызы – 2017» номинациясында– Көкпекті ауданы, Амангелді орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мақымет Арай марапатталды (қазақ тілі мен әдебиеті).

Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 8 сынып оқушысы Мағауин Расұл, өзінің бәсекелестерінен жас айырмашылығына қарамастан, жеңімпаз атанып  «Ең жас оқушы – 2017» номинациясынұтып алды (физика).

Жоғары ұпай санын жинаған жүлдегерлер Павлодар қаласында (жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша) және Ақтау қаласында (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша) өтетін олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады. 

Жеңімпаздарды, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін шын жүректен құттықтаймыз!

Оларға үздіктердің үздігі атанып, 2017 жылы Павлодар мен Ақтау қалаларында біздің облысымызды лайықты етіп көрсетуді тілейміз!