Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылғы 17-21 қаңтар аралығында «Дарын» ШҚ ӨҒПО Таулы Үлбідегі базасында жалпы білім беретін мектептердің 6-7 сынып оқушылары үшін «Бәрін білгім келеді!» жас білгірлер эстафетасы (бұдан әрі – Эстафета) өтетіндігін назарларыңызға ұсынады.
Эстафета мақсаты – балаларды зияткерлік сайыстарға қатысуға, өзін-өзі дамытуға, шығармашылық ізденіске талпындыру.
Топтың сандық құрамы – 4 қатысушы және 1 жетекші. Әр қатысушы топтың бірыңғай формасы мен эмблемасы болуы қажет.
Эстафетаның ережелері «Дарын» ШҚ ӨҒПО www.Shygysdaryny.kz сайтында берілген.
Қалалық/аудандық білім бөлімдерінің, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп үйлестірушілері 2017 жылғы 11 қаңтарға дейін үлгі бойынша өтінімді толтырып, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, немесе vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
Өтінім формасы:
|
№ |
Қатысу шының аты-жөні |
Қала/ аудан |
Білім беру ұйымы |
Сыныбы |
Жетекшінің аты-жөні |
Жетекшінің қызметі |
Жетекшінің байланыс телефоны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |