2016 жылғы желтоқсанның 22-24 аралығында жаңа жыл қарасаңында Алматы қаласындағы «Қазақстан» санаториы базасында «Ақбота-2016» республикалық интеллектуалдық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін «Дарын жұлдыздары» мәдени-танымдық ауысымы өткізілді. Ауысымға республиканың түкпір-түкпірінен 200-ге жуық бала қатысты, олардың 14-і Шығыс Қазақстан облысының оқушылары.
Ауысым қатысушылары үшін арнайы бағдарлама жасалды: «Мистер және Миссис Дарын» байқауы, «Біз дарындарды іздейміз» шығармашылық кеші.
Таныстыру саяхаты аясында балалар оңтүстік астананың көрікті жерлерін аралады. 28 Панфиловшылар паркінде, Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің паркінде, Тәуелсіздік алаңында, сонымен қатар «Медеу» мұз айдынында болды.
Балалар тек демалып қана қоймай, сонымен қатар жаңа достар тапты. Позитивті көңіл-күй мен көптеген жарқын естеліктер алды.
Қатысушыларға оқуда жеңістер мен табыстар тілейміз!

