+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ЕЛІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25-ЖЫЛДЫҒЫ - «ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ» ЖАС ПАТРИОТТАРЫНЫҢӨМІРІНДЕГІ ЕРЕКШЕ МЕЙРАМ!
16 Жел, 14:30

 

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы күні Жас патриоттар слетінің қатысушылары Отанға қызмет етуге салтанатты түрде ант қабылдады.

Шығыс Қазақстанның барлық өңірінен 400-ден астам оқушы шараға келді.Балалар – биыл Тәуелсіздік мерейтойына арнап облыстың әр ауданында, республикада бірінші болып ашылған «Шығыс ұландары» сыныптарының оқушылары. Олардың санының 25 болуының символикалық мәні бар! «Дарынды мектеп» кешенді жоспарын жүзеге асыру барысында, аталмыш сыныптың ашылуының бастамашысы Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы. Мақсаты - «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізінде жас қазақстандық ұрпақты тәрбиелеу. Бұл жоба үшін Семей қаласындағы «Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» тірек мектеп болды.

Бүгін барлық жас ұландар алғаш рет «Жас патриоттар слетінде» жиналды. Слетке қатысушыларды өңір басшылығы және облыстың қарулы күштер мекемелерінің өкілдері, білім беру мекемелерінің директорлары құттықтады. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Асем Нусупова салтанатты ант қабылдау рәсімінен кейін, кадеттерге үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін атап өтті. «Сіздерге қарап басқа оқушылар бой түзейтін болады. Иықтарыңдаңыздағы пагондар көп нәрсеге міндеттейді. Сондықтан да, өз бойларыңызда ең жақсы қасиеттер, адалдық пен шыншылдықты тәрбиелеңіздер» деп жас ұландарға ізгі ниетін білдірді.

 «Жас ұлан» лицейі тәрбиеленушілерінің көрсетілімдері, жас дауылпазшылар взводының қойылымы, әдемі би компазициялары мерекені ажарландыра түсті.

Осындай балаларға еліміздің болашағын сеніп тапсыруға болады. Қазірдің өзінде олар Қазақстанның нағыз патриоттары болып тәрбиеленуде, -дейдіСемей қаласындағы «Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының» директоры Окасов Құрмаш.

Слет «Шығыс ұландары» туының шығарылуымен аяқталды. Жыл соңында облыстың жоғары жетістіктер көрсеткен кадет сыныбына ауыспалы нышан тапсырылатын болады.