Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында «Дарын» ШҚ ӨҒПО «25 игі іс» акциясы аясында Н. Крупская атындағы мектеп-интернаттың аз қамтылған отбасы балаларына арналған іс-шара өткізді.
Шара қатысушыларына, Н. Крупская атындағы мектеп-интернаттың жақсы үлгерімді, білім мен шығармашылыққа талпынысы бар оқушылары үшін бұл акция оның қарапайымдылығына қарамастан үлкен мереке.
«Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық орталығының мақсаты – ШҚО дарынды балаларын анықтау, дамыту мен қолдау, олардың әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Сондықтан, орталық қызметкерлері үшін жақсылық жасау, балалардың күлкісін көру – жұмыс үшін жоғары қуат алумен бірдей.
Шара барысында орталық педагогтары балаларға ән-би конкурстарын, викториналар мен ойындар жүргізді, балалар «Игі іс бумерангы» тақырыбында бейнеролик көрді.
«25 игі іс» акциясы – бұл балаларды қуанту, ең бастысы, оларға көңіл бөлу мүмкіндігі. Біздің ойымызша, осындағы әрбір ұл мен қыз күліп, қуанышты өмір сүруге құқылы. Біз үшін бұл ең қымбат марапат.
Акция соңында әр балаға оқу құралдары мен интерактивті ойыншықтар сыйлыққа берілді.
Шара балалардың есінде ең ұзақ уақытқа дейін жарқын және қуанышты оқиға ретінде қалады деген үміттеміз.