Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы информатика мен ақпараттық технологиялардан «Bebras» Халықаралық ойын-конкурсын (әрі қарай - Конкурс) өткізетіндігін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты: оқушылар ұмтылысын дамыту, оқуда интенсивті түрде ақпараттық технологияларды қолдану, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Конкурс 2016 жылдың 23 желтоқсанында облыстың білім беру ұйымдарының 3-11 сынып оқушылары үшін онлайн режімінде өткізіледі.
Тіркелу мен конкурс www.daryn.kz сайтында жүзеге асырылады.
Конкурстың тапсырмаларына 2016 жылдың 23 желтоқсанында сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қол жеткізу мүмкін болады.
Конкурстың өту уақыты - 60 минут.
Конкурстың нәтижелері (сертификаттар, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар) 2016 жылдың 27 желтоқсанында www.daryn.kz сайтында беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін 2016 жылдың 22 желтоқсанына дейін 350 теңге көлеміндегі ұйымдастыру жарнасын төменде көрсетілген төлем деректемелері бойынша жіберу керек:
«Дарын»РҒПО РМҚК БИН 990240007434 ИИК (IBAN) KZ566010111000021443 БИК HSBKKZKX №119900 Астана Өңірлік филиалы АҚ «Қазақстан халық банкі» Астана қ. КБЕ 16КНП 861 Негіздеме: Бебрас. Қайдан: облысын, ауданын, мектебін көрсету.
Конкурсқа қатысу өтінімдері мен төлем ақы түбіртегін 2016 жылдың 20 желтоқсанына дейін vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу керек.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша 87087017014 жедел желі телефонына хабарласуға болады.