Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың 3 желтоқсанында «Нұрорда» мектеп-лицейінің базасында жалпы білім беретін пәндерден 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
2016 жылдың 3 желтоқсанында «Нұрорда» мектеп-лицейінің базасында 8 - 11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Шараның мақсаты - оқушыларды зерттеушілік қызметке тарту арқылы ғылыми-зерттеушілік, зияткерлiк-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын дамыту, дарынды оқушыларды айқындау, республикалық және халықаралық конкурстарға дайындау, іріктеу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Аудандық (қалалық) турлардың жеңiмпазы облыстық кезең байқауына қатысты. Жас зерттеушілер өздерінің ғылыми жобаларын 16 секция бойынша қорғады: физика; техника; Жер және ғарыш туралы ғылым; математика; қолданбалы математика; экономика; информатика; химия; биология; қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы; тарих; құқықтану; өлкетану; әдебиет; этномәдениеттану және тiл бiлiмi.
Оқушылардың зерттеу жұмыстарын құрамына облысымыздың жетекші жоғары оқу орындарының әділ қазылар алқасы бағалады.
I дәрежелi дипломмен – 39 қатысушы (31 жоба), II дәрежелi дипломмен - 67 қатысушы (52 жоба), III дәрежелi дипломмен- 83 қатысушы (71 жоба) марапатталды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының іріктеу кезеңіне (тестілеу) қатысады.
Жүлдегерлерді жеңiстерімен құттықтаймыз және келесі кезеңдерде сәттілік тілейміз!