Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Бізге ұлттық интеллекттің өзегін қалыптастыру қажет, бізге халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті білімді адамдар керек».
Президенттік олимпиада жыл сайын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен өткізілетін шара. Олимпиаданың басты мақсаттары, математика, физика, химия және биология пәндері бойынша орта білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында дарынды балаларды анықтауға, олардың әрі қарай зияткерлік және кәсіби бағыттарының дамуына оңтайлы жағдай жасау; оқушылардың жаратылыстану-математика бағыты бойынша пәндерді оқуға қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімдері мен қабылеттерін тереңдету; тұлғаның өзін-өзі іске асыруы мен дамуына қолдау көрсету.
ШҚО командасы құрамына олимпиаданың іріктеу кезеңінде жоғары ұпайлар жинаған оқушылар енді. Олимпиаданың қорытынды кезеңі 2016 жылдың 24-25 қараша аралығында Қарағанды облысы, Теміртау қаласында өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша Құмарова Жансая – Тарбағатай ауданы, Білялов атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы жүлделі үшінші орынды иеленді.
Олимпиада қатысушыларына мәдени-демалыс бағдарламасы ұйымдастырылды. Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президеттің музейінде болған саяхат, орталық драмтеатрдағы көрсетілген көрініс қатысушылар үшін жағымды әсерлерге толы болды.
Барлық қатысушыларға табыс пен шығармашылық жетістіктер тілейміз!