+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңдері өткізу туралы
24 Қар, 10:21

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2016 жылдың 8-9 желтоқсан аралығында сағат 10.00-де 9-11 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңдері (бұдан әрі - Олимпиада) өткізілетінін хабарлайды.

Олимпиада ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» РҒПО әдістемелік кеңесі дайындаған тапсырмалары бойынша екі кезеңде өткізіледі. Осыған орай, аталған кезеңнің тапсырмалары олимпиада өткізілгенге 1 сағат уақыт қалғанда тапсырмалардың құпиялылығына және сақталуына жауапты аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының электронды поштасына жіберіледі.

Үйлестірушінің электронды мекен-жайын 2016 жылдың 5 желтоқсанына дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының vk_daryn@mail.ruэлектронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Олимпиаданың өткізілу қорытындысы бойынша аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің  басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолымен куәландырылған өтінім мен есептерді, қазылар алқасының қолымен куәландырылған әр пән бойынша хаттамаларды тапсыру қажет (формалар қоса беріледі).

Олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға жіберілген өтінімде жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында оқу тіліне қарамастан әр пән бойынша бір үздік жұмысты ұсыну қажет.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша есептерге жауапты тұлғаны тағайындап, 13 желтоқсанға дейін барлық құжаттарды (қағаз және электронды нұсқада EXCEL бағдарламасында) Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы) мекен-жайына тапсыру қажет.

Қосымша: ___ парақта.