Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі (бұдан әрі - Конкурс) 2016 жылдың 3 желтоқсанында өткізілетіндігін хабарлайды.
Конкурс «Нұр Орда» мектеп-лицейінің базасында өтеді (Өскемен қаласы, Өтепов к., 22/1).
Қатысушыларды тіркеу сағат 8.30-да, басталуы – 9.00-де.
Барлық қатысушыларда өздерімен бірге келесілер болуы керек:
- жеке бас құжатының/туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- салтанатты киім;
- презентация немесе жұмысты қорғау үшін банер.
Қатысушылар мен жетекшілердің жол шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен.