Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Астана қаласында өткізілген «Балаға мейірімді Қазақстан» атты І Республикалық балалар форум-фестиваліне қатысты.
Оған барлығы 336 бала-балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, республикамыздың барлық аймақтарының республикалық және халықаралық олимпиадаларының, шығармашылық байқауларларының жеңімпаздары қатысты.
Форум қатысушылары республикадағы балалар қозғалысын насихаттау және ұйымның өзекті сұрақтарын талқылау мақсатында, балалардың шығармашылық, ғылыми, қоғамдық әлеуетін көрсетуге, балалар ұжымдары арасында щығармашылық байланысты нығайтуға, шешім қабылдауда балалардың құқылы болуына байланысты диалогтық алаңға қатысуға мүмкіншіліктері болды.
Бағдарлама аясында қатысушылар бейнелеу өнерінен, құрау мен модельдеуден, робототехникадан, журналистикадан, музықалық даму мен хореографиядан өткізілген мастер-класстарға қатысты, «Таң Шолпан»- көркем өнер, музықалық, әдеби шығармашылық, «Балалар бастауы»-жобалық қызмет (сонымен қатар, EXPO 2017 қатысушы-балалар), «Жас Өркен»-балалар және жастар көшбасшылығы бойынша үш алаңда шығармашылық жұмыстарын көрсетті.
Фестивальдің салтанатты жабылуы форум-фестиваль қатысушыларының гала-концертімен аяқталды.
Форум-фестиваль барысында, бала құқығын қорғау тақырыбына қызығушылық танытушылар балалар қызығушылықтарын қорғаудағы жеткен жетістіктерінің тәжірибесімен, өздерінің шынайы нәтижелерімен бөлісіп, энтузиазмдарымен өзгеледі құлшындырды, осындай кездесулер қатысушыларға бала құқығын қорғауда өзекті сұрақтарды барлықтарымызға бірге шешу керектігін көрсетті.
